Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құндылықтары саласындағы шетелдік тәжірибесі
Аннотация
Бұл мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдау мәселелері қарастырылады, мұнда қауіпсіз баспана, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық қолдау, кеңес беру және оңалту бағдарламаларын ұсынатын кризистік орталықтар басты рөл атқарады. Зерттеу АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Швеция және ТМД елдеріндегі (Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған кризистік орталықтарының тәсілдерін салыстырмалы талдау болып табылады. Зерттеу жұмыстың негізгі бағыттарын, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құндылықтарын және бірегей тәсілдерді көрсетеді. АҚШ пен Ресейде баспана мен құқықтық қолдауға баса назар аударылады, Канадада көпсалалы тәсіл қолданылады, Ұлыбританияда -ұзақ мерзімді оңалту, Австралияда- білім беру бағдарламалары, Швецияда-әлеуметтік әділеттілік. Қазақстанда, Беларусь және Украинада психологиялық қолдау мен құқықтық көмек маңызды. Барлық елдердегі негізгі кәсіби құндылықтар- эмпатия, құпиялылық және құзыреттілік. Оның ішінде, көпсалалы ынтымақтастық пен әлеуметтік әділеттілікке ерекше назар аударылады. Тәсілдердің әртүрлілігі мәдени және әлеуметтік контексттерді көрсетеді және тәжірибе алмасу ұлттық қолдау жүйелерін жақсартуға көмектеседі. Осылайша, зерттеу кризис орталықтарының жұмысын жақсарту үшін халықаралық тәжірибелерді ұлттық жағдайларға бейімдеудің маңыздылығын көрсетеді. Елдер арасындағы ынтымақтастық қауіпсіз жағдайлар жасауға және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
Автор
1.Нурланова Салтанат Серікқызы
2.Бейсенова Айгуль Аманжановна
DOI
10.48081/SDWR7645
Ключевые слова
кризистік орталықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық
әлеуметтік қызметкерлер
кәсіби құндылықтар
әлеуметтік-психологиялық қолдау
халықаралық тәжірибе
Год
2025
Номер
Выпуск 4