Зерттеуге-бағытталған оқыту IGPA-дің маңызды элементтерінің бірі ретінде
Аннотация
Мақалада жоғары білім беру орындарында зерттеуге бағытталған оқытудың (ROL) интеграциясы талданып, әртүрлі халықаралық тәжірибелер қарастырылады. Талдау барысында зерттеуге бағытталған оқытудың маңыздылығын, басқа әдістермен салыстырғанда айырмашылығын, сонымен қатар зерттеушілердің эксперименттік-тәжірибелік жұмыстарда қандай әдістер арқылы жүзере асырылатыны зерттелген. Ғылыми-зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының студенттерде тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды, соның ішінде ғылыми-зерттеу және әлеуметтік өзара әрекеттесуді дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді. Зерттеу 2010 және 2024 жылдар аралығында жоғары оқу орындарында әлемдік деңгейде қолданылуын жүйелі түрде қарастыру және талдау үшін PRISMA (жүйелі шолулар мен мета-талдаулар үшін артықшылықты есеп беру элементтері) әдістемесін пайдаланады. PRISMA шеңбері арқылы мақала үздік тәжірибелерді, қиындықтарды және әртүрлі контексттерде зерттеуге бағытталған оқытуды енгізу тәсілдері айқындалған. Сонымен қатар, елімізде студенттердің зерттеу дағдылары мен әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған зерттеу бағытындағы оқыту модельдері, пилоттық деңгейге енгізілген ЖОО-дың атаулары, нәтижелері көрсетілген. Ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне белсенді қатысатын студенттерге жаһандық мәселелерге инновациялық тәсілдерді табуға қажетті мәселелерді шешу дағдылары мен шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған тәсілдердің түрлері анықталды. Жоғары бәсекелестік жағдайында жұмыс берушілер техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен бірге бірлесіп жұмыс істеу, жетекшілік ету және зерттеу қабілеті бар түлектерді көбірек бағалауы айтылды. Тақырыптың өзектілігі білім беру ұйымдарының студенттердің зерттеушілік дағдыларын, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу қабілетін дамытуды ынталандыратын оқу ортасын құруға ұмтылысын көрсетіп, сондай-ақ өмір бойы қайта даярлау қабілетін жүзеге асыруды үйрету қажеттілігі түсіндіріледі.
Автор
Ж.Е. Зулпыхар1
*З.Ф. Әбдіхалық2
Р.Н. Шадиев 3
Т.О. Әбдіхалық 4
DOI
https://doi.org/10.48081/BTOUP3.2026/82-101
Ключевые слова
интегралдық GPA(IGPA)
ғылыми-зерттеу жұмы
зерттеу дағдылары
білім беру процесі
зерттеуге бағытталған оқыту (ROS)
ғылыми-зерттеу қызметі
Год
2026
Номер
Выпуск 3