МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВТЫҢ ЕҢБЕГІНДЕГІ АДАЛ АДАМ БОЛУ МҮМКІНДІГІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация
ББұл мақалада мектептің білім алушыларына Міржақып Дулатовтың шығармашылығын инновациялық технологиямен оқытудың нұсқасын жасап, оның бүгінгі ізгілікті жан әлемін инновациялық технологиямен сомдауға қатысты рөлін айқындауға мән берілді. Алаш қайраткерлерінің ел мүддесін қорғауына үлес қосқан Міржақып Дулатов өзінің шығармаларын халқының әл-ауқатын жақсартуға, бұрынғы үйреншікті өмір сүру дәстүрінен адасып қалған елінің мүшкіл жағдайын қалай жақсартамын деген көкейкесті мәселелерді шешуде оны өзінің ұстанымы ретінде іске асырғаны сараланған. Бұндай сүбелі еңбегінің 1904 жылы Арқадағы зиялы қауымның бас қосар орталығы Омбы қаласынан бастау алғаны байқалды. Жарияланып отырған мақаланың басымдық мәні жылдың мезгілдерін адам өмірімен байланыстырып, табиғаттың құдыреттілігін суггестівті тұрғыда бейнелеуі Абай Құнанбайұлы мен Ыбрай Алтынсарин өлеңдеріндегі идеялардан басқаша, жанры прозалық мәнде келгені, тәлім мен ізгілікті адал адам формуласына сай тұстары және оған қайшы жақтары мәтіндемелерден матрицаға, таксономияға салынып, психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалды. Автор жаз айын қыстан кейінгі уақыты «Көктем» ұғымы ғақлиясының ішкі сарынында байқалады. Екінші алгоритммен «Жазғы кеш» өлеңі бұл нағыз жаздың өзі, «Шілде» – жаз айының шарықтау шегі. «Табиғат – қоғам – адам» топтамасындағы психологиялық жағдайлары, әлеуметтік – мәдени, біліми деңгейлері сараланды. Келесі алгоритммен «Күз» мезгілінің адамдарға тигізер тауқыметі, оны жеңудің жолы – адал еңбек екендігі мақалада матрицамен, герменевтикалық әдіспен ашылған. «Қыс» мезгілі адамдардың табиғат қаһарынан сақтануын суреттеп, адам баласының «Қыс – қысыл, жаз – жазыл» халық даналығы адамды ширатарлық мәнде қолданылуының өзі бұл еңбектің феноменін дәлелдейді.
Автор
Жуматаева Е.
Анесова Г.Ж.
Анесова А. Ж.
Кусаинова Ж. Ж.
Кожамкулова Н. С.
DOI
https://doi.org/10.48081/UYVS9110
Ключевые слова
қайраткерлер
ұлт
идея
әлеумет
философия
табиғат
суггестив
адал адам
Год
2025
Номер
Выпуск 2