ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ
Аннотация
Бұл мақалада құзыреттіліктер, психологиялық қасиеттер мен құндылық негіздері әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына әсер ететін кәсіби дайындықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда кәсіби өзін-өзі тануға ерекше назар аударылады. Бұл ретте әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау үрдісінде оны мақсатты түрде қалыптастыру қажеттілігі негізделеді. Әлеуметтік педагогтар балалардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істейді, бұл өз кезегінде оның үздіксіз өзін-өзі жүзеге асыруы және кәсіби өсуі мен дамуын қажет ететіндігін көрсетеді. Әлеуметтік педагогтардың кәсіби қызметі мен кәсіби іс – әрекеттері аспектісіндегі өзін – өзі жүзеге асырудың өзекті екендігі белгілі. Себебі, білім беру тенденцияларының жандануына байланысты осы қызмет түрі мамандар жұмысының сапалық көрсеткіштерінің түп тамырына айналып отыр. Жалпы кәсіби өзін – өзі жүзеге асыру, кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін талдау кезінде ғалымдар бұл саланың тек қана бір ғылым шеңберінде ғана емес, бүкіл ғылымдық аспект ретінде қарастырылатынын айтқан болатын. Себебі, кез – келген маман өзін – өзі анықтау және оны қажетті шаралар арқылы сәтті жүргізгенде ғана білікті және табысты маман бола алады. Кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру, дамыту кәсіби қызметтің барлық түрлеріне тән деген ережеге сүйене отырып, болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы біздің мақаламыздың өзектілігін айқындап берді.
Автор
Бактыбаев Ж.Ш.., Сейткалым А.
DOI
https://doi.org/10.48081/ASEE7902
Ключевые слова
өзін-өзі жүзеге асыру
әлеуметтік педагог
өзін-өзі дамыту
өзін-өзі актуализациялау
құзыреттілік
кәсіби өзін-өзі тану
Год
2023
Номер
Выпуск 4