БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ АДАМИ КАПИТАЛҒА БАҒДАРЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада студенттерді адами капиталға баулудың мәселелері қарастырылған. Адами капитал – адамның еңбек ету мүмкіндігін, жаңалыққа сапасын көтеретін біліктілік пен қабілетке салынатын капитал. Бүгінде білім беру үдерісінде әр адамды қазіргі заманға сай білім ала білуге, өмір сүруге, бірлесіп өмір сүруе білуге үйрету мақсаты тұр. Бәсекеге қабілетті адам болуың үшін, біліміңді дамыту үшін өз аймағынан жиі шығып тұру керек. Бүгінгі таңда жастардың әртүрлі әлеуметтік сатыдағы өзінің дарыны мен білімін, тәжірибесіне қарай өзінің әлеуетін көрсетуге мүмкіндіктері көп. Қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайында адамның бәсекеге қабілеттілігін дамыту студенттерді адами капиталға баулу педагогика ғылымы үшін маңызды. Сол себепті тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ғылыми әдіснамалық бағдар ретінде адами капиталды қалыптастырудың жолдары, амалдары, анықтамалары мен мәндік сапа-көрсеткіштері қарастырылады және талданады. Сонымен қатар, адами капитал құрылымына қатысты әр алуан әдіс-тәсілдер бар. Кәсіби дағдыларды дамыту, біліктілікті арттыру, тәжірибе жинақтау, қайта даярлау – өз жауапкершілігі саласындағы жаңалық. Бәсекеге қабілеттілік капиталы, ұтқырлық, шығармашылық капитал және басқа да бірқатар жағымды тұжырымдар қамтылатыны қарастырылады. Адами капиталды басқаруда осындай тәсілді қолдану инновациялық процестерді арттыру мүмкіндіктері дәйектелген. Білім беру кеңістігіндегі студенттерге қойылатын жаңа талаптар: креативті ойлау мен техникалық дағдыларды дамыту, болашақ маманға қажетті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Адами капиталдың тұрақты дамуының мазмұны,заманауи педагогикалық алғашарттары қоғамдық дамудың тетіктері бойынша қорытынды жасалады.
Автор
Шаймерденова А.К
Жуматаева Е
Юсупова Б.С
DOI
https://doi.org/10.48081/KATX1292
Ключевые слова
адами капитал
қабілет
еңбекке баулу
стохастикалық парадигма
рухани байлық
студент
Год
2022
Номер
Выпуск 4