МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОМАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚҰРЫЛЫМДАУ
Аннотация
Мақалада оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудегі жалпы білім беретін мектептердің мақсаты мен міндеті айтыла келіп, осы талаптарға сәйкес математика пәнін оқытудың кейбір ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.
Тұлғаны ұлттық рухта қалыптастыратын әр халықтың өзіне тән ерекше өмір салты, құндылығы бар екендігі белгілі. Математика сабақтарындағы оқу, оқыту іс-әрекетінің негізі есептер шығару болса, осы ретте өэ халқымыздың ұлттық әдет-ғұрпы мен өнегесі, әдебиеті мен тарихы негізге алына отырып дайындалып, заманауи үлгіде құрылған этноматематикалық есептер мен тапсырмалардың маңызы зор.
Біздің зерттеуіміз халқымызға тән осындай этникалық белгілерді, нумерацияны және санап, есептеуді, шамаларды өлшеуді пайдалана отырып, математикалық есептер контентін құрылымдау және модельдеуді қарастырады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы халық шығармашылығының сан түрлі туындыларында кездесетін математикалық мәліметтерді, қазақтың қара есептерін, ежелгі математикалық мәдениет ескерткіштеріне талдауды қамтитын ұлттық фольклорға негізделген.
Жоба нәтижесінде оқушылар зердесінде математикалық сауаттылықты, құзыреттілікті, мәдениетті этноматематика арқылы қалыптастырып, дамыту оқушыларға арналған этноматематикалық есептердің мобильдік қосымшасын жасақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Мақалада нақты мәліметтерді пайдалана отырып құрылымдалған осы сипаттағы этноматематикалық есептер топтамасы келтіріледі.
Автор
А. Н. Мырзашева
С. Н. Идрисов
Н. Қ. Шаждекеева
Б. Т. Барсай
Т. Н. Ахмурзина
DOI
https://doi.org/10.48081/EYAH7617
Ключевые слова
этноматематикалық есептер
математика
есептер шығару
ұлттық құндылықтар
ұлттық тәрбие
этноматематикалық есептер құрылымы
Год
2022
Номер
Выпуск 2