ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ҮШІН БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕЙРОДИДАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛІ
Аннотация
Бұл мақаланың мақсаты инклюзивті білім беру ортасы жағдайында болашақ педагогтерді жұмысқа дайындаудың нейродидактикалық моделін ұсыну болды. Мақаланың тұжырымдамалық негізі заманауи білім беру теорияларына, инклюзивті оқытудың теориялық ережелеріне, сонымен қатар нейробілім берудің соңғы принциптеріне сүйенеді. Зерттеу сипаттамалық, түсіндірмелі және жобалық сипатта болды және көлденең талдаудың эксперименттік әдісіне негізделген. Экспериментке Ақпараттық технологиялар факультеті Информатика кафедрасының «6В01511-Информатика» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курстың 102 студенті қатысты. Талдау үшін кездейсоқ іріктеу қолданылды, сауалнамаға 62 студент қатысты. Деректерді жинау құралы 45 мәлімдемені қамтитын өзгертілген Лайкерт шкаласы болды. Эксперименттік құралдың сенімділігі мен жарамдылығы сараптамалық бағалау, нүктелік дискриминантты талдау және Кронбахтың сенімділік коэффициенті арқылы расталды: бірінші пилоттық тестілеу үшін 0,873 (N=20) және қайта сынау үшін 0,880 алынды. Нәтижелер нейродидактикалық тәсілдің тиімділігі дәстүрлі дидактикалық әдіснамамен салыстырғанда өте жоғары деңгейін көрсетті, сондай-ақ олардың арасындағы маңызды байланысын анықтады. Бұл болашақ педагогтерді инклюзивті білім беру ортасында кәсіби қызметке дайындауға мидың жұмысына бағытталған стратегияларды енгізудің тиімділігін растайды.
Автор
Мубараков Акан Мукашевич
Плалов Нурхат Турсынбекович
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF1861
Ключевые слова
нейродидактика
инклюзивті білім беру
педагогикалық дайындық,
болашақ педагогтерді оқыту
білім беру технологиялары
Год
2026
Номер
Выпуск 1