ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ДАРЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГОГ- ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІНДЕГІ «ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ» РӨЛІ
Аннотация
Берілген зерттеу жұмысы жаһандық құзіреттілікке ие білікті педагог-психологтарды («Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының түлектері) дайындау мен қазақстандық университеттердің болашақ педагог-психологтарының жаһандық құзыреттерін дамытудың басым бағыттарын айқындауға бағытталған. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін «педагогика және психология» оқу бағдарламасының білімгерлері арасында пилоттық сауалнама жүргізілген. Пилоттық сауалнама алдында болашақ педагог- психологтардың арасында жаһандық құзыреттіліктің ағымдағы деңгейін анықтап, проблемалық тұстарды айқындау міндеті тұрды . Сауалнама келесідей үш аспектіге негізделді: басқа елдердің мәдениетіне деген қызығушылық, университеттегі жаһандық құзыреттер саласындағы қызметі және білімгерлердің шет тілдерін меңгеруі. Сауалнама сонымен қатар білімгерлердің халықаралық жаңалықтар туралы жеке пікірі, оқу жылы бойындағы мәдени алуандылыққа арналған іс-шараларға қатысу, оқу үдерісі барысында әлемдік оқиғаларды топта талқылауға қатысу, группаластарымен бірге жаһандық проблемаларды талдау және т.б. туралы сұрақтарды қамтыды.Сондай-ақ, берілген мақалада болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін дамытудағы ЖОО-ның рөлі қарастырылып, кейбір мәселелерді оңтайлы шешу жолдары ұсынылған. Мақала, ең алдымен, психология әдіскерлеріне, оқу орындарының басшыларына, ЖОО оқытушыларына, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі дамытуға ұмтылатын педагог-психологтарға пайдалы болуы мүмкін.
Автор
Р.С. Желдибаева
DOI
https://doi.org/10.48081/MBGX9483
Ключевые слова
кәсіби құзіреттілік, жоғары білім, педагог-психолог, жаһандық құзыреттілік.
Год
2021
Номер
Выпуск 4