COVID-19 ЖАҒДАЙЫНДА ШЕТ ТІЛІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Аннотация
Мақалада автор әлемде белең алған Covid-19 пандемиясына орай мемлекетімізде төтенше жағдайды реттеу барысында еліміздегі жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқыту форматына көшуіне байланысты оқу үрдісіне оңтайлы оқыту платформаларына көшуі дер кезінде қабылданған оң шешім екендігін баяндайды. Сонымен қатар автор мақалада қашықтықтан оқыту тарихына шолу жасайды. Халықаралық ұйымдар мәліметтеріне сілтеме жасалып, батыс ғалымдарының онлайн білім беруге қатысты ой-пікірлерін зерделеген. Автор онлайн оқыту үрдісінде Microsoft Teams платформасында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып виртуалды аудиторияда студенттердің интербелсенділігін арттыруға болатындығын өз тәжірибесіне сүйене отырып талқылайды. Зерттеуші мақалада Microsoft Teams платформасын оқу үрдісінде қолданудың артықшылығы мен кемшіл тұстарын да атап өтеді. Мақала ЖОО-да шетел тілін ақпараттық технологияны қолдана отырып оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Автор көркем аударма сабағында Teams платформасында чат парағын қолдану секілді құралдарды пайдалану мен онлайн кездесулер ұйымдастыруда бағалы тұғырнама екендігіне тоқталады. Microsoft Teams тұғырнамасы барлық қашықтан оқыту, тренингтер және онлайн кездесулер ұйымдастыруда таңдаулы құрал бола отырып, болашағынан зор үміт күттіретіні анық. Зерттеуші мақалада тапсырмаларды жариялау кезінде Whiteboard тақтасын пайдалану арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыруға болатын бірден бір үздік тұғырнама екендігін баяндайды.
Автор
А.М.Куркимбаева
DOI
https://doi.org/10.48081/BFIS9530
Ключевые слова
пандемия, Covid-19, онлайн оқыту, шетел тілін оқыту, оқыту әдістері, ақпараттық технология, қашықтықтан нұсқау.
Год
2021
Номер
Выпуск 4