БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Аннотация
Берілген мақалада болашақ педагог-психологтердің тұлғалық қасиеттері кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындығының негізі ретінде қарастырылады. Болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағдарлану қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім беру стратегиясы болып табылады. Бұл ретте кәсіптік даярлау іргелі білім беру деңгейінде де, маманның түйінді құзыреттері деңгейінде де сапалы болуға тиіс. Бұл әсіресе психологты оқытуға қатысты, өйткені дамып келе жатқан тұлғаны психологиялық-педагогикалық қолдау оның негізгі құзыреттілігінің негізін құрайды. Жоғарыда аталған құзыреттіліктер педагог-психологтың кәсіби қызметінде белгілі бір қасиеттерді көрсетуді талап етеді. Ал кәсіби маңызды қасиеттер - бұл «осы еңбек қызметін сәтті орындау үшін қажет» қасиеттер. Ғалым зерттеушілердің пікірінше, педагог-психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері жеке құзыреттілікті құрайтын, кәсіби қызметті табысты жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын жеке-психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Олар жүргізген зерттеу нәтижелері әр студенттің «психологиялық» профилін алуға және педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретіндігіне тоқталады. Болашақ педагог-психологтың кәсіби маңызды қасиеттеріне өз әрекеттерінен нақты нәтиже алуда өте маңызды қасиет прагматикалық қасиетті қосуға болады, бұл болашақ маман дайындауда оңтайлы нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Автор
DOI
https://doi.org/10.48081/RAXQ1206
Ключевые слова
педагог-психолог, тұлғалық қасиет, кәсіби қызмет, прагматикалық қасиет.
Год
2020
Номер
Выпуск 4