ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ АРХИТЕКТУРАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Аннотация
Заманауи білім беру кеңістігінде жасанды интеллект элементтері бар білім беру платформалары оқытудың сапасын жекелендіру мен жақсартуда шешуші рөл атқарады. Бұл мақалада білім беру процесінде жасанды интеллект қолданатын білім беру платформасы архитектурасының тиімділігін бағалау әдістемесі талқыланады. Мұндай шешімдерді сәтті жүзеге асыруға әсер ететін негізгі параметрлер, соның ішінде жүйенің бейімделу қабілеті, пайдаланушылармен өзара әрекеттесу, мазмұнды жекелендіру деңгейі және аналитикалық мүмкіндіктер талданады.
Зерттеуде талдау, жобалау, модельдеу және эксперименттік тестілеу әдістері қолданылып, нәтижелері шығарылды. Талдау әдісі қолданыстағы білім беру платформаларын зерттеу және олардың тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтау үшін қолданылады. Жобалау әдісі жасанды интеллект интеграциясы бар білім беру платформасының архитектуралық моделін жасауға мүмкіндік береді. Модельдеу әртүрлі пайдалану сценарийлерінде жүйенің өнімділігін бағалау үшін пайдаланылады, ал эксперименталды тестілеу жиналған деректер негізінде оның тиімділігін эмпирикалық түрде тексеру үшін қолданылады. Алынған нәтижелер жасанды интеллектіні білім беру орталарында пайдаланудың маңыздылығын растайды және оқытушылар, білім алуышлар, білім беру технологияларын әзірлеушілер мен цифрлық оқытуды зерттеушілер үшін пайдалы болуы айдан анық.
Автор
А. М. Әшімбекова
М. А. Ермаганбетова
Р.С. Ахитова
Ж.Е. Қожахмет
DOI
https://doi.org/10.48081/TJRY6707
Ключевые слова
білім беру процесі
білім беру платформасы
оқыту
студент
жасанды интеллект
Год
2025
Номер
Выпуск 3