ОРТА МЕКТЕПТЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация
Дифференциалдық теңдеулерді оқу мен оқыту ғылымның барлық салаларында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Өзінің қолдану аймағы мен маңыздылығы жоғары болуына қарамастан, білім беру ұйымдарында дифференциалдық теңдеулерді оқыту және шешуге үйрету әдістемесін жетілдіру әлі күнге дейін өзекті болып табылады. Бұл тақырып жаңартылған білім мазмұнындағы жоғары сыныптардағы математиканың соңғы тарауына енгізілді.
Зерттеу жұмысында орта мектепте дифференциалдық теңдеулерді оқыту барысында оқушыларда туындайтын қиындықтар мен мәселелер айқындалған, оқытудың мазмұндық-әдістемелік жақтары қарастырылған. Дифференциалдық теңдеулерді шешуге үйрету мектеп оқушыларынан осы тақырып алдындағы дифференциалдау және интегралдау әдістерін меңгеру бойынша берік білімді талап етеді. Сондықтан мақалада жаңартылған білім мазмұны бойынша тақырыптардың бірізділігі мен жүйелігін бере отырып, дифференциалдық теңдеулердің қолданбалы бағытын жүзеге асыруға бағытталған есептерді шешудің моделін құрастырудың алгоритмі ұсынылады.
Мақалада дифференциалдық теңдеулерді құрастыру арқылы қолданбалы мәтінді есептерді шешудің алгоритмі берілген және оның жүзеге асырылуы нақты мысалдармен көрсетілген. Авторлардың мақсаты – орта мектепте дифференциалдық теңдеулерді оқыту мен есептерді шешуге үйрету мұғалім мен оқушының екі жақты қарқынды жұмысын талап ететін процес екенін біле отырып, ұсынылып отырған идеялар негізінде туындаған қиындықтарды шешуде әдістемелік көмек беру болып табылады.
Автор
Әбілқасымова Алма Есімбекқызы
Умиралханов Азизхан Нажимханұлы
Жадраева Лариса Уштановна
Тұяқов Есенкелді Алыбайұлы
Кенжебек Хабиба Темірланқызы
DOI
https://doi.org/10.48081/AZPB2414
Ключевые слова
орта мектеп
алгебра және анализ бастамалары
модельдеу
дифференциалдық теңдеулер
қолданбалы есептер
Год
2023
Номер
Выпуск 2