МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ КЕҢІСТІКТІК ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
Аннотация
Мектепке дейінгі балалардың білім беру іс-әрекетінің маңызды бағыты, атап айтқанда ойлауын, түйсігін, қиялын дамыту қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру дан басталады. Кеңістіктік ойлау бейнелерді жасау және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді және жеке тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. Кеңістіктік ойлауды дамытудың ең сәтті процесі мектепке дейін және бастауыш мектеп жасында жүреді. Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістіктік ойлауды қалыптастыру және дамыту әдістерін жетілдірудің мүмкін бағыттары сипатталған.
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуында модельдеу әдісі жазықтық және көлемді материалдарды пайдалану арқылы уақыт кезеңдері мен кеңістіктік қиялды қалыптастыруда кеңінен қолданылады.
Кеңістіктік модельдеу қол жетімді заттарды (құрылыс материалдарын, геометриялық фигураларды және басқа да импровизацияланған материалдарды) парақтың бетінде немесе үстел жазықтығына орналастыру арқылы (сурет, сызба түріндегі графикалық бейне)жүзеге асырылады.
Көрнекі модельдер күнделікті іс-әрекетте кеңінен қолданылады. Олар, әрдайым пайдаланудағы түрлі құралдар, нысандар, кестелер, карталар, макеттер, сызбалар және т. б. Сондықтан нысандар арасындағы түрлі (көбінесе жасырын) қатынастарды көрсету және оларды пайдалану түрлі мәселелерді,сонымен қатар шығармашылық іс-әрекеттерді де шешуге ықпал етеді.
Автор
Есалиев Айдарбек Аскарбекович
Айтжанов Алимжан Амангельдиевич
Тотикова Гулдана Арыновна
Турсынбаева Айнур Закировна
Кадыров Алимжан Карымжанович
DOI
https://doi.org/10.48081/STKK6238
Ключевые слова
Қарапайым математикалық түсінік
кеңістіктік ойлау
мектеп жасына дейінгі балалар
геометриялық фигуралар
көрнекі модельдер
кеңістіктік модельдеу
Год
2022
Номер
Выпуск 4