МАТЕМАТИКА ПӘНІН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ СLIL ӘДІСІН ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ
Аннотация
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде тілдердің үштұғырлығы жобасы бойынша 2019 жылдан бастан жоғары сынып оқушыларын физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту енгізілген еді. Жобаның мақсаты әлемдік еңбек нарығында болашақта оқушылар бәсекелестікке қабілетті, әлемдік біліммен алмаса алу мүмкіндігінің болуы, халықаралық ғылыми жобаларға қатыса алуы, заманауи технологиялар мен ақпараттардың көшіне ілесе алуы ағылшын тілін меңгере алуына байланысты болмақ (ҚР БҒМ, 2015) [1].
Бұл мақалада ағылшын тілінде математика пәнін жоғарыда аталған пәндердің қатарына қосып, 7 сынып оқушыларынан эксперименттік топ ашып, оның зерттеу нәтижелері көрсетілген.
Зерттеу мақсаты сабақта оқушыларға пәндік мазмұнды игертіп қана қоймай, тілді үйретудегі әдістердің бірі– пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) пайдалану. Бұл технологияның артықшылығы сыныптың оқу ортасын жақсартады,оқу уақытын азайтады және оқу тұжырымдамасын кеңейтіп, тереңдетеді. Алгебра пәнін CLIL әдісін пайдаланып, нәтижелі оқыту үшін қолданылған дидактикалық материалдарға нұсқаулықтар берілген. Көптілді білім берудегі өткізілген сабақтардың жүзеге асырылу жағдайы, кездескен қиындықтары мен артықшылықтары нақты мысалдармен талданады.
Үш тілділікті дамыту мақсатында дүниежүзілік қарым-қатынас тілі ағылшын тілінде алгебра пәнін кіріктіріп оқытуда CLIL әдісін пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері зерттелді.
Автор
Мекебаев Нурбапа Отанович, Рысдаулетова Акмарал Накипбековна
DOI
https://doi.org/10.48081/FZTS6067
Ключевые слова
үштілділік, пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL - Content and Language Integrated Learning),әдіс, алгебра пәні, 7 сынып, эксперименттік топ
Год
2021
Номер
Выпуск 4