БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҮШТІЛДІЛІКТІ МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы – білім беру саласында, соның ішінде бастауыш мектепке заман талабына сай өзгерістер енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта елімізідң негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі білім беру жүйесін қайта құру және дамыту болып табылады. Бастауыш мектеп үздіксіз білім берудің алғашқы оқушылардың негізі қаланатын маңызды кезең. Сондықтан да бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған.
Мақалада қазіргі таңда өзекті болып отырған үштілдік тіл идеясы бойынша мәселе қарастырылмақ. Сондай-ақ, аталмыш мақала ана тілді құрметтеу, мемлекеттік тілді байыту және ағылшын тілін меңгерту мақсатында жазылып отыр. Үштілділікті меңгертудегі үштілділік бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқытуда баланың алған дағдылары мен әдістерін дамытып, нығайту үшін жағдай жасап, ұйымдастыру, міндетті түрде білім салаларымен жан-жақты байланыстылығы жайында сөз қозғалмақ. Шет тіліне оқыту жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшіліктері мен жеке ерекшеліктерін, әрқайсысының зейін, қабылдау, еске сақтау, ойлау, қиялдау ерекшеліктерін, сезім, ерік, пен жеке дарындылық қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Үштілділік идеясының бастауыш сынып оқушыларын тұлға ретінде қалыптастырудағы орны, тілді меңгерту ерекшелігі жайында баяндалады.
Автор
DOI
https://doi.org/10.48081/FIBW9044
Ключевые слова
жеке тұлға, үштілділік,тіл,білім беру, оқу іс-әрекеті
Год
2020
Номер
Выпуск 3