ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ
Аннотация
Қазақ мектептерінде теориялық анықтамаларды, ережелерді, теоремалаоды дәлелдеуге үйрету тек математика, география, физика, химия сияқты пәндерінің еншісі ғана тән сияқты болып түсініледі. Шындығында, мектепте оқылатын барлық пән – ғылым негіздері болғандықтан, ғылыми әдістердің оқыту үдерісінде енгізілу дәрежесінде дамытып отыру керек. Өйткені, барлық пәннің ұғымдық анықтаманы қажет ететін термин сөздері қолданылады.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында тілді оқытудың басты міндеттерін «танымдық бағыт бойынша» ‘оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру’ деп көрсетеді. Қазақ мектептерінді оқытудың жаңа бағыттары мен жаңа арналарын іздестіру мәселесі күн тәртібіне өзектілікпен қойылып отыр [1]. Дәстүрлі жүйеде оқытудың олқылық тұстары анықталып, оны болдырмаудың, әдістемені ғылыми сапалы деңгейде өсірудің сан-сапалы жолдары айқындалып келеді. Соның бірі ретінде оқушылардың ойлауын дамытуда логикалық ойлау мәдениетін дамыту мәселесі өзекті болып табылмақ. Сондықтан бұл мақалада ұғымдардың қалыптасуы ойлаумен байланысты екендігі, адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра, ұқсастыра отырып та шешіп беруге қабілетті екендігі туралы баяндалады.
Автор
DOI
https://doi.org/10.48081/LPZM6664
Ключевые слова
логикалық амалдар, эксперимент, сөйлем, ғылыми таным, түйсік, қабылдау, елестету, ойлау қалыбы
Год
2020
Номер
Выпуск 3