БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛ ТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘНДІК СИПАТТАМАСЫ
Аннотация
Бұл мақалада бастауыш мектеп білім алушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы зерттеледі. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың мәні мен маңызы қарастырылады. Зерттеу шетел тілін меңгерудің бастапқы кезеңіндегі оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістемелік тәсілдерге, педагогикалық шарттарға және оқу үдерісінің ерекшеліктеріне талдау жасайды.
Зерттеу барысында авторлар «бастауыш сынып оқушысының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктері», «бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру» ұғымдарына авторлық анықтама беруге тырысады.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған авторлық оқу-әдістемелік кешенді сипаттап, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс негізінде тиімділігін тексереді.
Мақала бастауыш мектеп мұғалімдері мен тіл мамандарына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Зерттеу нәтижелері бастауыш білім беруде шетел тілдерін оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа бағыттарды ұсынады.
Автор
Г.С. Каримова
С.М. Абылайхан
Г.Б. Курмангазина
DOI
https://doi.org/10.48081/BASW3597
Ключевые слова
білім беруді цифрландыру
бастауыш мектеп
шетел тілі
құзырлық
коммуникативтік құзыреттілік
Год
2025
Номер
Выпуск 2