ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІШКІ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация
Мақалада әр баланың жеке қабілеттеріне сәйкес интеллектуалды дамуы, ерекше қабілеттерін, яғни жеке дарынын дамыту мәселесі кешенді сипатталады. Тарихи философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздеріне сүйене келе дарынды адамдардың тұлғалық ішкі әлемі анықталынған. Дарындылықтың табиғаты мен оның түрлері туралы көрнекті ғалымдардың маңызды тұжырымдамалары ұсынылды және дарынды оқушылармен жүргізілген зерттеулер нәтижелері берілді.
Қазіргі уақытта дарынды жастардың мәдени және білім беру ортасында өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін жаңа тәсілдерді іздеу қажеттілігі туындайды, олардың оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде интеллектуалды қабілетін дамыту-өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Коммуникативті қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Осы қарастырылғандардың негізінде біздің зерттеу жұмысымызда теориялық мәліметтерді яғни, зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы, интеллектуалды дарынды жасөспірімдердің ішкі дүниесін зерттеудің эмпирикалық әдістерімен қатар зияткерлік дарындылардың өзін-өзі дамытудың құрылымдық-функционалдық үлгілері нақтыланды.
Автор
Сабирова Ж. Н.
Шугаева Г. К.
Мугауина Г. О.
DOI
https://doi.org/10.48081/CWUS1910
Ключевые слова
дарындылық
ішкі әлем
қабілет
интеллект
шығармашылықты тұлға
әлеуметтік құзыреттілік
жеке тұлға
Год
2022
Номер
Выпуск 4