ЖОО-да детективті шығармаларды оқыту жолдары
Аннотация
Мақалада детективті шығармаларды оқыту арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту жолдары қарастырылады. Тұлғаның шығармашылығын белсендіруге байланысты детектив, шытырман оқиғаларды талқылауға, дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер көрсетілген. Шығарманың құрылымын, мазмұнын, оқиғаның жұмбақ шешімі негізінде студентті дұрыс ойлауға, сын тұрғысынан қарауға, бақылағыштыққа машықтандыру көзделген. Детективті шығармларды оқи отырып, студент өз тұжырымдарын, пікірлерін талдау арқылы түсінуге бағытталған сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде, сыни тұрғыдан қойылған сұрақтарға алынған жауаптар студенттің жоғары деңгейде ойлануына және белгілі бір нәтижеге жетуіне ықпал етеді. Қазақ аудиториясында сюжеті жұмбақ қылмыс салдарын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналған детективті шығармаларды оқыту әдістемесінің өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері де баяндалады. Студенттердің детективті шығармадағы жұмбақтарды бірлесіп шешу арқылы олардың ойлау дағдыларын қызықты әрі тартымды түрде дамытудың жолдары айтылады. Детективті шығармалар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан,, ЖОО-дағы студенттерддің шытырман оқиғалы, дететкив шығрмаларын оқу арқылы әдебиетке, көркем әдебиетке деген қызығушылығы арта түседі. Сондай-ақ, осы маңызды мәселелерді қарастыра келгенде, детективті шығрмаларды оқыту арқылы, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жағдайы жасалынуы керек.
Автор
Жунусова А. К.
Тұрысбек Р. С.
DOI
https://doi.org/10.48081/WMZW9821
Ключевые слова
детективті шығармаларды оқыту
әдіс-тәсілдер
ойлау қабілеттерін қалыптастыру
жұмбақ
логика
қызығушылығын арттыру
Год
2022
Номер
Выпуск 3