МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Аннотация
Қазіргі уақытқа дейін мектеп математика курстарында геометрия пәнін тиімді оқыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Замануи білім берудің тиімді және оңтайлы жолдарын оқушыларға үйрету мен оған дағдыландыру ұстаздардың алдындағы орасан зор жауапкершілік екені баршамызға мәлім. Инновациялық технологияларды қолдану геометрия курсының маңызды ұғымдарын дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда сапалы артықшылықтар беретін деңгейде суреттеуге мүмкіндік береді. Олар көрнекіліктің едәуір артуына, оқушының танымдық белсенділігінің қалыптасуына, ауызша – логикалық және бейнелі ойлау механизмдерінің үйлесуіне негізделген. Осыған орай, мақалада геометриядағы тарауларды топтап қалай тиімді оқытуға және оны бір ғана көрнекі құралға қалай біріктіруге болатындығы туралы баяндалады. Оқытудың мұндай әдіс-тәсілдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, геометриялық ұғымдарды дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар есепті шығаруда нәтижеге бағытталған «Мақсатқа жету» технологиясының қолданысы мен тиімділігі көрсетіледі. Бұл әдіс-тәсілдердің басты мақсаты – мектеп геометрия курсын оқытудың заманауи және оңтайлы әдістерін қарастыру.
Геометриялық білімнің сапасын жақсартуға негізделген «Өрмекші тор» әдісі нақты мысалдармен көрсетілген. Мақалада жаңа әдістің барлық қажетті теориялық анықтамасы, оның қолданысы суреттермен кескінделген. Бұл мақалада геометрия пәнін оқытуда пайдаланылатын инновациялық технологияның пайда болу процесі жүзеге асырылатын зерттеу және салыстыру әдістері қарастырылады.
Автор
А.Б. Кокажаева, Б.Ә. Лаханова , М.Қ. Абдиева
DOI
https://doi.org/10.48081/IQDJ8891
Ключевые слова
элементтер, мақсатқа жету, инновациялық технология, геометриялық есептеулер, тәжірибе, зерттеу, дағды, әдіс-тәсіл
Год
2021
Номер
Выпуск 4