ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БЕЙРЕСМИ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ете алатын бейресми білім беруді қалыптастыру мәселелері қарастырылған, өйткені олар адамның біліктілігін арттыру және жаңа білім мен технологияларды игерудегі білім беру қажеттіліктерін «Формальды емес оқытуды дамытудың және қолжетімді білім беруді қамтамасыз етудің тиімді құралы тұрғысынан жаппай ашық онлайн курстар платформасын әзірлеу әдістемесі» гранттық жобасының тақырыбы негізінде жүзеге асыруға жағдай жасайды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында бейресми білім беруді енгізу мәселелерін зерттеу мемлекеттік тілде жаппай ашық курстарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Ғылыми жұмыста жаппай ашық онлайн курстарды пайдалану мысалында Қазақстанның жоғары оқу орындарында бейресми білім берудің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған эмпирикалық зерттеу ұсынылған. Авторлар оқу үрдісіндегі жаппай ашық онлайн курстардың әсері мен қолдану туралы мәліметтерді жинау үшін сауалнама әдісін пайдаланады.
Алынған нәтижелерді талдау жаппай ашық онлайн курстарды білім беру ортасына интеграциялаудың оң жақтарын да, бар проблемаларды да анықтауға мүмкіндік береді. Авторлар бейресми білім берудің тиімділігін арттыруға және курсқа қатысушылардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу үрдісінде жаппай ашық онлайн курстарды пайдалануды оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстарды ұсынады. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда бейресми білім беруді дамыту стратегияларын әзірлеу үшін пайдалы болуы мүмкін.
Автор
Куанышева Р.С.
Оспанова Н.Н.
Каирбаева А.К.
Токжигитова Н.К.
Нургалиева М.Е.
DOI
https://doi.org/10.48081/MDSG4237
Ключевые слова
бейберми білім,
онлайн оқыту
жаппай курста
оқытушылар құрамы,
Қазақстан университеттері
курс платформалары
Год
2025
Номер
Выпуск 1