МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Бұл мақалада тиімділігі жоғары цифрлық технолагиялар бағалауды жетілдіру құралы ретінде математика сабағында қолданудың мүмкіндіктері қарастырылған. Қазіргі білім беруде цифрлық технологиялардың көбеюімен математика пәнін оқытуда жаңа тәсілдер мен заманауи құралдарды қалай нәтижелі жүзеге асыруға болатындығын зерттеу өзектілігі артуда. Зерттеу жұмысында математика сабағында қолдану аясы кең таралмаған цифрлық технологияларға салыстармалы талдау жасалынды. Математика пән мұғалімдерінен бағалау тапсырмаларын дайындауда цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін анықтау бойынша 51 мұғалімнен сауалнама алынып, нәтижесінде оқыту үдерісінде мұғалімдерге тиімді, қолдану интерфейсі жеңіл, кері байланыс алуға және оқушылардың білім деңгейін жылдам бағалауға көмектесетін, интерактивті бағалау тапсырмаларын жасауға арналған «Socrative» және «Wizer.me» цифрлы бағдарламалардың математика пәнінде қолдану мысалдары қарастырылды. «Socrative» цифрлы бағдарламасының қолданылуы Алматы қаласында білім алатын 9 сыныптың 21 оқушысына, «Wizer.me» цифрлы бағдарламасының қолданылуы 8 сыныптың 17 оқушысына тәжірибе жүзінде жүргізілді. Сондай-ақ мақалада сауалнама нәтижелері қаралып, цифрлық технологияның оқыту үрдісінде бағалауды жетілдіруге қалай әсер ететіні, оқушылардың мотивациясы мен оқуға деген қызығушылығын арттырудағы рөлі, олардың оқу жетістігін бағалаудағы маңыздылығы талқыланады.
Автор
Б.Г. Бостанов
Б.Ә. Лаханова
DOI
https://doi.org/10.48081/MMMW6291
Ключевые слова
бағалауды жетілдіру
бағалау тапсырмалары
мектеп математикасы
цифрлық технология
«Socrative» бағдарламасы
«Wizer.me» бағдарламасы
Год
2025
Номер
Выпуск 1