«ҚҰРЫЛЫС» БАҒЫТЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІНДЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ
Аннотация
Әлемдік тәжірибеде құрылыс саласын дамыту жаңа құрылыс материалдары мен технологияларын қолдану мен қатар білікті құрылыс инженерлерін даярлауды қажет етеді. Сондықтан мұндай мамандарды даярлау қазіргі уақытта мемлекеттік басым міндеттердің бірі болып табылады. Бұл міндеттерді шешудің жолдарының бірі - жаратылыстану-ғылыми пәндердің теориялық және практикалық негіздерін қолдану болып табылады. Осы пәндердің бірі ретінде математика –«Құрылыс» даярлық бағыты бойынша бакалавриат бағдарламасының базалық пәндеріне енгізілген. Аталған пән негізінде болашақ мамандарды есептеу-жобалау және техникалық-экономикалық қызмет саласында даярлықтарын жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. Кез-келген құрылыс объектісін жобалау - бұл болжамды объектіні құру үшін күрделі көп компонентті қызмет. Жобалау кезеңдерінің ішінде - құрылыс материалдары мен топырақтарының беріктік, деформациялық және басқа да механикалық қасиеттерінің мәндерін есептеу, сондай-ақ, құрылыс конструкцияларының әр-түрлі типтерінің сипаттамаларын есептеу, құрылыс объектісіне жүктемелерді анықтау және есептеу математикалық білімдерге тәуелді болады. Бұл мақалада «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша математика пәнін оқытуда жобалау іс-әрекетінің кезеңдерін орындаудың жалпыланған әдістерін қалыптастыру әдістемесі қарастырылған. Зерттеу барысында математика пәні бойынша білімдер негізінде орындалатын жобалау іс-әрекетінің кезеңдері әзірленді. Математика сабақтарында бакалавр-құрылысшыларда жобалау іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесінің моделі жасалынды. Зерттеу нәтижелерін құрылыс бағыты бойынша және инженерлік салаларда да математика пәнін оқыту үдерісінде қолдану тиімді болып табылады.
Автор
Абдуалиева Маржан Амирбековна
Сапарбаева Эльмира Мамбеталиевна
Төребек Ерлан Жандарбекұлы
DOI
https://doi.org/10.48081/XXRT8847
Ключевые слова
математика пәні
жобалау іс-әрекеті
құрылыс саласы
қалыптастыру
модель.
Год
2022
Номер
Выпуск 3