БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ SMART-БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚОЛДАНУ
Аннотация
Мақала Smart-білім беру жағдайында бастауыш мектептің информатика (Цифрлық сауаттылық) пәнінде ақпараттық-білім беру ортасын қолданудың жеке аспектілерін ашу мақсатындағы зерттеу нәтижелерін баяндауға арналған.
Бастауыш сынып оқушыларының алгоритмдік ойлау стилін қалыптастырудағы информатика пәнінің рөлін, Smart-білім беру жағдайы мен информатикада "Scratch" және "Робототехника" тақырыптарын оқытуда ақпараттық-білім беру ортасын қолданудың маңызын анықтау мақсатында Шымкент қаласының информатика мұғалімдері мен ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының информатика сабақтарында алгоритмдік ойлауды қалыптастыру қажеттілігін, Smart-білім беру үшін информатика кабинетін толық материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мұғалімдердің Smart-білім беру жағдайында жұмыс істеуге дайындығын көрсетті. Мұғалімдер оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік әзірлемелердің жеткіліксіздігіне (қазақ тілінде) қарамастан, бастауыш сыныптарда "Scratch" және "Робототехника" тақырыптарын зерттеудің маңыздылығын және осы курстарға арналған қарапайым және көрнекі орындаушылар мен ақпараттық-білім беру ортасын құрудың қажеттілігін көрсетті.
Зерттеу барысында Smart-білім беру жағдайына арналған әлемдік әдебиеттерге талдау жасалды және бастауыш сынып оқушыларының алгоритмдік ойлау стилін қалыптастырудағы информатика пәнінің рөлі, Smart-білім беру жағдайы мен "Scratch" және "Робототехника" тақырыптарын оқытуда ақпараттық-білім беру ортасын қолданудың маңызы жайлы сауалнама нәтижелері бастауыш мектепке арналған ақпараттық-білім беру ортасының қажеттілігін, ал оның болмауы Smart-білім беру жағдайына көшуді баяулатады деген қорытынды жасалды.
Автор
Ибашова Альмира Байдабековна, Кадирбаева Роза Изтлеуовна, Сулейменова Лаура Аскербековна
DOI
https://doi.org/10.48081/UESM3539
Ключевые слова
білім беру ортасы, ақпараттық-білім беру ортасы, АКТ, бастауыш мектеп, Smart-білім беру.
Год
2021
Номер
Выпуск 4