БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАННЫҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Аннотация
Адамзат баласының әлеуметтік-мәдени тәжірибесін байыту негізінде мамандардың мәдениетін жетілдіруге көмектесу білім беру-тәрбие қызметінің басты мақсаты болып табылады. Мақалада тұлғаның кәсіби мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық мәдениетін игеруі және оны дамытудағы маңыздылығы қарастырылады. Бүгінде жоғары кәсіптік білім беру мекемелері болашақ мамандардың кәсіби мәдениетін іске асыруға тырысады, себебі қоғам үшін қажетті тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан болашақ маманды даярлауда басты жетекші рөлін, оның кәсіби мәдениетін қалыптастыру деп білеміз. Кәсіби мәдениет феноменін отандық және шетелдік ғалымдар қарастырыла бастағаннан кейін жеке тұлғаның қасиеттері көптеген педагогикалық процестер мен құбылыстарға ие болуын және де педагогикалық мәдениеттің құрылымдық компонеттері, олардың талдануы сипатталады. Сонымен қатар педагогикалық мәдениеттің педагог тұлғаға әлеуметтік, физикалық, коммуникативтілік, интеллектуалдық,аксиологиялық, нормативтік, гуманистік аспектілеріне тәуелділігі талданады. Біздің зерттеу контекстімізде болашақ маманныңкәсіби мәдениетін қалыптастыруда педагог-ғалымдар В.И.Андреевтің, кәсіби мәдениеттің қасиеттерін мен А.В.Барабанщиковтың зерттеу жұмыстарындағы педагогикалық мәдениетті дамытудағы талдаулары көрсетілді.Сондай-ақ, маманныңіс-әрекетіндегі кәсіби мәдениет пен педагогикалық мәдениет өзара бір-біріне байланыста болып, қоғаммен бірге өзгеріп отыратыны туралы баяндалады.
Ендеше бүгінгі педагогтің кәсіби мәдениетін қалыптастыруда оның жоғары деңгейде өрбіген педагогикалық мәдениетті меңгеруі міндетті деген қорытынды жасалды.
Автор
Төлеубекова Рымшаш Камешевна, Мугауина Гулбарам Олжагалиевна
DOI
https://doi.org/10.48081/SZFM4786
Ключевые слова
педагог, мәдениет феномені, кәсіби мәдениет, педагогикалық мәдениет, психологиялық мәдениет.
Год
2021
Номер
Выпуск 1