PYTHON ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ЖЕТІСТІГІН МУЛЬТИ-КРИТЕРИЯЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Аннотация
Білімді заманауи модернизациялауда жетекші орынды оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау процестері алады. Білім берудің құзыреттілік парадигмасы аясында бағалау оқушылардың талдау, шешімдерді негіздеу, жаңа білімді генерациялау қабілетіне бағытталған.
Программалау бойынша оқытуда оқу бағдарламасына енгізілген негізгі құзыреттіліктер бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау процесі маңызды орын алады. Бағалаудағы ең негізгі мәселе – бағалаудың субъективтілігі болып табылады. Баға таңдауда, жалпы бағалауда нақты критерийлердің жоқтығы және бағаның төмен немесе жоғары болуының нақты себебі неде екендігі туралы конструктивті ақпараттың болмау мәселесі ертерек шешім қабылдауды талап етеді. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселесін меңгеру нәтижелерінің мульти-критериалды бағалауын қалыптастыру арқылы шешуге болады.
Python тілінде программалау мысалында оқушылардың оқу жетістіктерін мульти-критериалды бағалауды қолданудың моделі мен әдістерін сипаттау үшін оның (a) құрылымын, (b) логикалық ұйымдастырылуын, (c) әдістерін және d) білімді педагогикалық бақылау саласында қолдану құралдарын анықтау қажет.
Бұл мақалада оқу жетістіктерін мульти-критериалды бағалау әдісінің құрылымы, Python тілінде программалау бойынша оқу нәтижелері, «Python программалау тілінде файлды оқу және жазу» критерийі бойынша Python программалау тілінде білімдер жиынтығы қарастырылады.
Автор
Токжигитова Нургуль Каирбаевна
Дарибаева Кумисай Серикбаевна
DOI
https://doi.org/10.48081/RVUW1351
Ключевые слова
мульти-критериалды бағалау
оқу нәтижелері
критерий
Python тілінде программалау
қалыптастырушы бағалау
жиынтық бағалау
Год
2022
Номер
Выпуск 2