Вестник ToU
Педагогическая серия
search Найти
ТЕНДЕНЦИИ В ПОДГОТОВКЕ СПЕЦИАЛИСТОВ В УНИВЕРСИТЕТЕ
Аннотация
В статье рассмотрена современная подготовка специалистов в университете. Дано определение Университета 4.0. Приведена характеристика современного выпускника, который должен обладать комбинацией нескольких качеств, которые дадут возможность быстро адаптироваться в меняющихся условиях, приобретать новые навыки для решения существующих проблем и работы на опережение. Приведен анализ документов, в которых выделены характеристики качеств, навыков и компетенции выпускников. Проанализированы труды ученых по вопросам подготовки специалистов в университете. Приведено определение таких навыков как, Hard skills, Soft skills и Self skills. Приведена характеристика условий, которые необходимо создать в процессе обучения для подготовки выпускников к быстрым экономическим и социальным переменам, к использованию технологий, которые еще не изобрели, к решению социальных проблем, которые пока невозможно предсказать. В частности цифровизация образования, персонализация обучения, проектный подход, интеграция формального и неформального образования, создание творческих пространств, создание межуниверситетских площадок (university hubs). Обозначено как данные характеристики реализуются в Торайгыров университете и в частности в рамках образовательной программы «Психология».
Автор
Е. П. Щербакова, Н. Э. Пфейфер, Т. Чех
DOI
https://doi.org/10.48081/AHZY8877
Ключевые слова
специалист, компетенции, навыки, качества, процесс обучения
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
БОЛАШАҚ ХОРЕОГРАФТАРДЫҢ КӘСІБИ ҰТҚЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МОДЕЛІ
Аннотация
Мақала жоғары оқу орнында болашақ хореограф мамандарды кәсіби даярлауда кәсіби ұтқырлықты қалыптастыру мәселесіне арналған. «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттердің кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың маңызы айқындалған. Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде кәсіби ұтқырлықты қалыптастырудың жалпы педагогикалық шарттары мен міндеттері нақтыланған. Болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығын қалыптастыруда педагогикалық модельдеудің оны біртұтас жүйе ретінде сипаттауға және мақсатты үдеріс ретінде жүзеге асыруға мүмкіндік беруі туралы идея ұсынылған. Зерттеу барысында жасалынған модель функционалдық-құрылымдық сипатқа ие. Кәсіби ұтқырлықты қалыптастыру міндеттеріне бағдарланған хореографиялық білім беру үдерісін талдау оның мынандай құрамдастарын (компоненттерін) ажыратуға мүмкіндік берген: мақсат, қалыптастыру принциптері, дамуына әсер ететін факторлар, функциялары (қызметтері), міндеттері, ұйымдастыру тиімділігінің психологиялық педагогикалық шарттары, мазмұны, технологиялары, күтілетін нәтижелері. Жасалынған модель осы компоненттерді бейнелейді. Мақалада болашақ хореографтардың кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың мақсаты тұжырымдалып, оның мынандай негізгі функциялары анықталған: мотивациялық, когнитивтік, адаптивтік, жылдамдық пен креативтілікті белсендіру, ұтқырлық сапаларын тәрбиелеу, ұдайы кәсіби өсуге, өзіндік білім алуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру, кәсіби іс-әрекет түрлерін меңгерудегі динамизм мен икемділік, болашақ хореографтың икемді дағдыларын қалыптастыру. Болашақ хореографтың кәсіби ұтқырлығын қалыптастырудың міндеттерін анықталып, нақтыланған.
Автор
Д.К. Азизханова, Н.Ш. Алметов
DOI
https://doi.org/10.48081/NZTY7616
Ключевые слова
кәсіби ұтқырлық, болашақ хореограф, «Хореография» білім беру бағдарламасы, кәсіби ұтқырлықты қалыптастыру, педагогикалық модельдеу, функционалдық-құрылымдық модель
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация
Мақалада болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы қарастырылады. Болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қазіргі білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік сұраныстарымен байланысты. Білім берудің мақсаты оқу қабілеті сияқты негізгі құзыреттілікті қамтамасыз ететін білім алушылардың жалпы мәдени, жеке және танымдық дамуы болып табылады. Ең алғаш қоғам дамуына қажетті адами сапаларға түркі ғұламалары Ж.Баласағұн, әл-Фараби сынды ұлы ойшылдардың еңбектеріне талданады. Болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің негізі «басқару» түсінігіне мән бере отырып, оның негізі ежелгі философтар Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерінен бастау алатындығы айтылады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «басқару», «құзырет», «құзыреттілік», «басқарушылық құзыреттілік» түсініктерінің зерттелу деңгейі қарастыралады. Шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінен қысқаша мәліметтер беріледі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге жасалған талдау негізінде, мұғалімнің қызметі, оның мәні, басқарушылық болып табылатындығын көрсетеді. Басқарушылық қызмет мұғалімдерді оқытудың құрамдас бөлігі болып табылатындығы, оның кәсіптік маңызды сапасы, заманауи білім шарттарында мағыналы педагогикалық қызметке дайын екендігі айтылады. Мұғалімнің практикалық қызметінде басқарушылықтың міндеттерін жүзеге асырада студентті жан-жақты дамытатындығына мән беріледі.
Автор
А.М.Байкулова, А.К.Аманова, Г.К.Джумажанова
DOI
https://doi.org/10.48081/RKRJ9376
Ключевые слова
басқару, құзырет, құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі.
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аннотация
Мақалада қазіргі кездегі өзекті векторлардың бірі ретінде жоғары мектептің оқу-білім беру процесінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселесі қарастырылады. Осы зерттеу жұмысында жоғары оқу орындарының оқу процесінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселесінеа теориялық талдау жүргізілді, эксперименттік зерттеу жұмысы жүргізілді, сандық-сапалық талдау берілді. Атап айтқанда, мақалада жоғары мектептің білім беру процесінде қолданылатын цифрлық технологиялар туралы теориялық түсінік берілген, олардың қазіргі білім беру жағдайындағы қажеттіліктері мен мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл білім беру кеңістігінде цифрлық оқыту ортасын құру және жақсарту үшін қолданылатын әртүрлі құралдар мен ресурстар туралы айтылады. Ойлау әрекеттерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын дамыту, визуализацияны, идеяларды біріктіруді және т. б. дамыту. Зерттеу барысында сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін цифрлық педагогика негізінде зияткерлік міндеттер жүйесін құруға баса назар аударылды. Эксперименттік зерттеу барысында «Bolashaq» академиясының педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері арасында сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнама google әлеуметтік желісі арқылы жүргізілді. Сауалнама нәтижелері талданды, қорытындылар жасалды және жоғары мектептің білім беру процесінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мүмкіндіктер қорытындыланды.
Автор
Ә.А.Есмагулова, Г.Қ. Нүркенова, Г.Т.Таликова, С.С.Шутенова
DOI
https://doi.org/10.48081/SJHG3900
Ключевые слова
цифрлық технологиялар, цифрлық оқыту, ғаламтор, цифрлық оқыту ортасы, қашықтықтан оқыту, ғаламтор-ресурстар, платформалар, электрондық оқыту.
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ДАРЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГОГ- ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІНДЕГІ «ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ» РӨЛІ
Аннотация
Берілген зерттеу жұмысы жаһандық құзіреттілікке ие білікті педагог-психологтарды («Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының түлектері) дайындау мен қазақстандық университеттердің болашақ педагог-психологтарының жаһандық құзыреттерін дамытудың басым бағыттарын айқындауға бағытталған. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін «педагогика және психология» оқу бағдарламасының білімгерлері арасында пилоттық сауалнама жүргізілген. Пилоттық сауалнама алдында болашақ педагог- психологтардың арасында жаһандық құзыреттіліктің ағымдағы деңгейін анықтап, проблемалық тұстарды айқындау міндеті тұрды . Сауалнама келесідей үш аспектіге негізделді: басқа елдердің мәдениетіне деген қызығушылық, университеттегі жаһандық құзыреттер саласындағы қызметі және білімгерлердің шет тілдерін меңгеруі. Сауалнама сонымен қатар білімгерлердің халықаралық жаңалықтар туралы жеке пікірі, оқу жылы бойындағы мәдени алуандылыққа арналған іс-шараларға қатысу, оқу үдерісі барысында әлемдік оқиғаларды топта талқылауға қатысу, группаластарымен бірге жаһандық проблемаларды талдау және т.б. туралы сұрақтарды қамтыды.Сондай-ақ, берілген мақалада болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзіреттілігін дамытудағы ЖОО-ның рөлі қарастырылып, кейбір мәселелерді оңтайлы шешу жолдары ұсынылған. Мақала, ең алдымен, психология әдіскерлеріне, оқу орындарының басшыларына, ЖОО оқытушыларына, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі дамытуға ұмтылатын педагог-психологтарға пайдалы болуы мүмкін.
Автор
Р.С. Желдибаева
DOI
https://doi.org/10.48081/MBGX9483
Ключевые слова
кәсіби құзіреттілік, жоғары білім, педагог-психолог, жаһандық құзыреттілік.
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Аннотация
Қазіргі уақытқа дейін мектеп математика курстарында геометрия пәнін тиімді оқыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Замануи білім берудің тиімді және оңтайлы жолдарын оқушыларға үйрету мен оған дағдыландыру ұстаздардың алдындағы орасан зор жауапкершілік екені баршамызға мәлім. Инновациялық технологияларды қолдану геометрия курсының маңызды ұғымдарын дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда сапалы артықшылықтар беретін деңгейде суреттеуге мүмкіндік береді. Олар көрнекіліктің едәуір артуына, оқушының танымдық белсенділігінің қалыптасуына, ауызша – логикалық және бейнелі ойлау механизмдерінің үйлесуіне негізделген. Осыған орай, мақалада геометриядағы тарауларды топтап қалай тиімді оқытуға және оны бір ғана көрнекі құралға қалай біріктіруге болатындығы туралы баяндалады. Оқытудың мұндай әдіс-тәсілдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, геометриялық ұғымдарды дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар есепті шығаруда нәтижеге бағытталған «Мақсатқа жету» технологиясының қолданысы мен тиімділігі көрсетіледі. Бұл әдіс-тәсілдердің басты мақсаты – мектеп геометрия курсын оқытудың заманауи және оңтайлы әдістерін қарастыру. Геометриялық білімнің сапасын жақсартуға негізделген «Өрмекші тор» әдісі нақты мысалдармен көрсетілген. Мақалада жаңа әдістің барлық қажетті теориялық анықтамасы, оның қолданысы суреттермен кескінделген. Бұл мақалада геометрия пәнін оқытуда пайдаланылатын инновациялық технологияның пайда болу процесі жүзеге асырылатын зерттеу және салыстыру әдістері қарастырылады.
Автор
А.Б. Кокажаева, Б.Ә. Лаханова , М.Қ. Абдиева
DOI
https://doi.org/10.48081/IQDJ8891
Ключевые слова
элементтер, мақсатқа жету, инновациялық технология, геометриялық есептеулер, тәжірибе, зерттеу, дағды, әдіс-тәсіл
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЕРДІҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДА МӘДЕНИЕТ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Әлемде болып жaтқaн әлеуметтік-экономикaлық, қоғaмдық-caяcи және мәдени-дүниетaнымдық мәcелелер қойды. Соның бірі, білім беру саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау қажеттігі жаһандық талаптардың бірі. Бұл білім беру мекемелерінде, соның ішінде жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда және білім мазмұны мен қарым-қатынаста іске асырылмақ және жоғaры мектептің педaгогикaлық-пcихологиялық пәндер оқытушылaрының кәcіби біліктілігін aрттырудың жaңa жүйеcін енгізу мәcелеcі болып тaбылaды. Мақалада болашақ педагог-психологтердің мәдениетін, педагогикалық мәдениетін, кәсіби мәдениет ұғымдарының анықтамасы, кәсіби-педагогикалық мәдениетінің түрлері, компоненттері, педагог мамандығының көпқырлы салалары, педагогтің кәсіби құзіреттілігі, педагог маманның жеке басына қойылатын талаптар, педагогтің кәсіби мәдениетінің қалыптасу кезеңдері көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіби мәдениет ұғымын зерттеуші ғалымдардың пікірлері мен педагог-психологтің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін кәсіби білімінің, іскерлігінің, дағдысының, жаңа заманауи технологиялық әдістерді қалыптастыру компоненттері қарастырылды. Зерттеуімізде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен тәжірибелік зерттеу жұмысындағы эксперименттік және бақылау топтарындағы болашақ мамандардың кәсіби мәдениетінің деңгейін анықтауда алынған жұмыстар баяндалды.
Автор
Мугауина Г. О., Толеубекова Р. К.
DOI
https://doi.org/10.48081/MTHO2219
Ключевые слова
мәдениет, кәсіби мәдениет, кәсіби педагогикалық-мәдениет, педагог, кәсіби педагогикалық мәдениет компоненттері, педагогикалық сауаттылық, кәсіби педагогикалық қызмет,кәсіби педагогикалық технология
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Аннотация
Статья посвящена трансформацией высшего образования, когда на подготовку конкурентоспособных специалистов влияет профессиональная подготовка вузов. В связи с этим, высшим учебным заведениям поставлено несколько задач. Это изменение внутренней организации с целью развития самостоятельности, ответственности на всех уровнях иерархии университета, изменение подходов к обучению в формировании профессиональных компетенций выпускников, совершенствование информационно-коммуникационных технологий, повышение социальной ответственности, обеспечение качества. Проведен анализ современного состояния зарубежных вузов и определены механизмы его развития. Кроме того представлена трансформация НАО «Торайгыров университет», в соответствии со стратегией развития НАО «Торайгыров университет», построеной на перспективах развития Павлодарской области. Миссией университета определено «стать интеллектуальным центром экономики региона». На основе этой инициативы планируется реализация трех спиралей «власть – бизнес – наука (университет)» на уровне Павлодарской области. Определены направления развития НАО «Торайгыров университет» «экология (окружающая среда)», «экономика креативного города», «развитие человеческого капитала», «городское планирование», «цифровизация» и проанализированы проекты, созданные для реализации. Указаны стейкхолдеры каждого проекта, сроки реализации и направления деятельности, связанные с развитием вуза.
Автор
Е. Т. Садыков, П.О. Быков
DOI
https://doi.org/10.48081/QORT4085
Ключевые слова
Высшее образование, Республика Казахстан, Павлодарская область, Региональное развитие, Тройная спираль «Власть – бизнес – наука (университет)»
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ЭМОЦИОНАЛЬНЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ ОБУЧАЮЩИХСЯ В КОНТЕКСТЕ ЗАРУБЕЖНЫХ ТЕОРИЙ
Аннотация
В настоящее время люди отличаются способностью понимать, обрабатывать и управлять информацией о своих и чужих эмоциях эту способность в науке мы называем эмоциональным интеллектом. Исследований эмоционального интеллекта сегодня очень много. Кроме того, в зарубежных исследованиях широко распространены модели эмоционального интеллекта и средства их измерения. Однако зарубежные модели и средства их измерения не учитывают менталитет нашей страны. Противоречие между зарубежными моделями и средствами их измерения и казахстанским менталитетом определяет актуальность темы сегодняшней статьи. Ведь для выявления компонентов эмоционального интеллекта отечественных обучающихся прежде всего возникает необходимость анализа зарубежных моделей и современных исследований. Для достижения цели исследования использовались методы анализа, синтеза, моделирования. В статье рассматриваются 4 модели эмоционального интеллекта и анализ последних исследований ученых из России, Испании, Великобритании. Кроме того, записывается исторический дискурс на развитие эмоционального интеллекта. Анализируя все детали, выявляются следующие компоненты эмоционального интеллекта обучающихся: эмоциональная осведомленность, умение управлять своими эмоциями, эмпатия, умение управлять процессом общения, самомотивация, стрессоустойчивость. Очевидно, что эти выявленные компоненты способствуют составлению диагностического комплекса для изучения эмоционального интеллекта в отечественной модели.
Автор
Қ. М. Тайболатов, Е. И. Бурдина, Р.Ж. Ерофеева
DOI
https://doi.org/10.48081/HCNP1775
Ключевые слова
эмоциональный интеллект, модель, обучающиеся, анализ, эмоция.
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРЫНДА ТАРИХИ ТАҚЫРЫПТЫ АРҚАУ ЕТКЕН СУРЕТШІ -ПЕДАГОГ
Аннотация
Мақалада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының академигі. Әлем халықтары өнер ассоцациясының еңбек сіңірген суретшісі және көркем академия академигі, халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелер мен симпозиумдардың қатысушысы және ұйымдастырушысы, суретші кескіндемешісі, график Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы жайында айтылады. Ұлттық колоритті анық қолдана білген аса дарынды өнер иесі, басты тақырып төңірегінде болып жатқан құбылыстарда суретшінің ой-толғамы айқындығын көрсеткен. Оның рухани жұтаңдық, қоршаған орта мәселелері, ұлттық тамырдан айырылу, туған жерден қол үзу, мұндай келеңсіздіктерден шығу жолдары толғантады. Автордың шығармаларынан түрлі стильдерді жаңарту, бейнелеу өнерінің түрлі бағытындағы, дәстүрлі өнердің жастар тәрбесінде ұдайы қалыптасуына бағытталған. Суретші талай ғасырларға куә болған халқымыздың асыл мұрасын, эстетикалық талғамы биік бүгінгі өскелең ұрпақтың кәдесіне жаратуда жаңа форматта жаңғыруы, қалыптасуын сипаттайды. Тұрмыстық гармонияның бұзылуына қарсылық, оны жаңғыртуға ұмтылыс оның өнерінде ең негізгі мазмұнға қарай көп ойыса бастайды. Осының арқасында суретші өзгелерден ерекшелік қасметін қарастырған. Басшылық қызметпен қатар шығармашылықты ұштастыра отырып алыс-жақын шетелдерде, елімізде бірнеше рет жеке шығармашылық көрмелері өткізілген. Тарихи, философиялық, сюриализм, салт-дәстүр, лирикалық тақырыптарда жұмыс жасайды. Үнемі ізденістегі суретшінің тақырыптық шығармашылық жұмыстары әлемнің көптеген елдерінің музейлеріне сақтаулы.
Автор
Танирбергенов М. Ж., Мусакулов К. Т.
DOI
https://doi.org/10.48081/FPUV4580
Ключевые слова
Бейнелеу өнері, көркем сурет, академик, суретші-кескіндемеші, суретші-график, картина, кенеп, станокті кескіндеме.
Год
2021
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал