ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖАТТЫҒУДА ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Мақалада дене тәрбиесінде жылдамдықты арттыру жаттығуларында бұлшықет қозғалыстарына және жағдайға байланысты реакциялардың шапшаңдығына баса назар аударылады. Қозғалыс жылдамдығын дамыту үшін шекті немесе оған жақын жылдамдықпен орындалатын арнайы жаттығулар қолданылады. Мұндайда жасанды интеллект элементтері бар модельдеу және имитациялық жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Имитациялық жаттығулардағы қимылдар максималды бастапқы жылдамдықпен немесе қозғалыс соңында үдеумен жылдам серпілу түрінде болуы тиіс. Әрбір қимылға жеке көңіл бөлініп, олардың қарқынды жылдамдығын біртіндеп арттырып, шекті деңгейге жеткізу қажет. Осы кезде имитация, модельдеу, болжау сияқты жасанды интеллект элементтерінің тиімділігін қолдану ұсынылады. Бұл мақалада қазіргі таңда жасанды интеллект элементтерін пайдалану тақырыбы ерекше маңызға ие екені , қоғамымызға кеңінен еніп, түрлі салада өз орнын тапқаны, ғылым мен технологиямен қатар, медицина, білім беру, өнер, экономика, спорт және басқа да көптеген салаларда табысты қолданылып жатқандығына назар аударылады.
Дене тәрбиесіндегі жылдамдық қабілеттерінің дамуы күштің артуымен, спорттық техниканың жетілуімен, биохимиялық механизмдердің жылдам іске қосылуымен, энергия үнемдеуімен және ерік-жігердің дамуымен тығыз байланысты. Жаттығу бағдарламаларын оңтайландыру виртуалды және симуляциялық модельдеу арқылы жүзеге асырылып, шынайы жағдайларға жақын жаттығулар жасалады, жылдамдық оңтайландырылады және жарақаттанудың алдын алу шаралары қарастырылады. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты дене тәрбиесіндегі жаттығу барысында жылдамдықты арттырудағы жасанды интеллектінің тиімділігін айқындау болады. Нәтижеде жасанды интеллект спортшының физикалық жағдайы, бұрынғы жаттығулары және жеке ерекшеліктері туралы үлкен көлемдегі деректерді талдай алады, бұл мүмкіндігінше жекелендірілген және тиімді жаттығу бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді.
Автор
Б.А.Жолдасбек
Б.А.Жолдасбекова
В.В. Сотов
Қ.М. Басынбеков
DOI
https://doi.org/10.48081/PTVU4430
Ключевые слова
жасанды интеллект
модельдеу
ақпараттық технология
деректерді талдау
дене тәрбиесі
спорт, жаттығу
спорттық жаттығудағы жылдамдық
Год
2025
Номер
Выпуск 2