БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ STEM-ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация
Әр елдің білім беру бағдарламасы өздерінің тарихи қалыптасқан білім беру жүйесімен, салт-дәстүрімен, ұлттық құндылықтарымен біте қайнасқан өзіндік ерекше болмысқа ие болады. Дегенмен, инновациялық даму көшінен қалып кетпеу үшін әр елдің білім жүйелері үнемі білім беру бағдарламасына сырттан келген озық жүйені енгізіп отыруға мәжбүр болады. Бұл жағдайды біздің ел де бастан кешіріп, батыстың STEM атты жаратылыстану бағытындағы пәндердің кіріктірілген жүйесін оқытуды енгіздік. Жаңа интегративті білім беру тәсіліне қатысты білім саласындағы қызметкерлер арасында көптеген сұрақтар өзінің нақты жауабын әлі таппағанына қарамастан кейбір оқу орны, кейбір мектептер осы пәнді оқытуды бастап кетті. STEM тәсілі бойынша сабақ жүргізудің нақты оқу бағдарламасы бар ма? Бұл тәсіл бойынша сабақ кімдер оқыта алады? Бұл тәсілді меңгерген мұғалім қандай біліммен қаруланып, қандай дағдылар мен құзыреттерді меңгерген болу керек?- деген сұрақтардың нақты жауабы жоқ. Еліміздегі мектептер STEM тәсілі бойынша сабақ оқытуға кірісіп кетті. Тіпті жаңа ашылып жатқан жеке меншік мектептер «STEM сабағын тереңдетіп оқытамыз» деген сөзді жарнама ретінде қолданып, STEM кабинеттерін ашты. Бұл STEM кабинетіне қойылатын бірыңғай талап-ережелер әлде де толық емес. Міне, осы айтылған мәселелерді шешіп, бір жүйеге салу мақсатында, университет қабырғасында болашақ STEM тәсілі бойынша сабақ жүргізетін мұғалім даярлайтын курстың бағдарламасы жасалды. Жаратылыстану-педагогикалық бағытытта оқитын студенттерді осы бағдарлама бойынша оқытудамыз. Бағдарлама сапасын, оның қаншалықты тиімді болғанына педагогикалық зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесін осы мақалада ұсынып отырмыз.
Автор
Жармуханбетов Серик Бегалиевич
Орманова Гания Кемаловна
Абдрахманова Хадиша Кеңесовна
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF2079
Ключевые слова
STEM
құзырет
оқу бағдарламасы
жобалық оқыту
болашақ STEM мұғалімі
кәсіби дағды
Год
2026
Номер
Выпуск 2