ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРЫНДА ТАРИХИ ТАҚЫРЫПТЫ АРҚАУ ЕТКЕН СУРЕТШІ -ПЕДАГОГ
Аннотация
Мақалада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының академигі. Әлем халықтары өнер ассоцациясының еңбек сіңірген суретшісі және көркем академия академигі, халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелер мен симпозиумдардың қатысушысы және ұйымдастырушысы, суретші кескіндемешісі, график Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы жайында айтылады. Ұлттық колоритті анық қолдана білген аса дарынды өнер иесі, басты тақырып төңірегінде болып жатқан құбылыстарда суретшінің ой-толғамы айқындығын көрсеткен. Оның рухани жұтаңдық, қоршаған орта мәселелері, ұлттық тамырдан айырылу, туған жерден қол үзу, мұндай келеңсіздіктерден шығу жолдары толғантады. Автордың шығармаларынан түрлі стильдерді жаңарту, бейнелеу өнерінің түрлі бағытындағы, дәстүрлі өнердің жастар тәрбесінде ұдайы қалыптасуына бағытталған. Суретші талай ғасырларға куә болған халқымыздың асыл мұрасын, эстетикалық талғамы биік бүгінгі өскелең ұрпақтың кәдесіне жаратуда жаңа форматта жаңғыруы, қалыптасуын сипаттайды. Тұрмыстық гармонияның бұзылуына қарсылық, оны жаңғыртуға ұмтылыс оның өнерінде ең негізгі мазмұнға қарай көп ойыса бастайды. Осының арқасында суретші өзгелерден ерекшелік қасметін қарастырған. Басшылық қызметпен қатар шығармашылықты ұштастыра отырып алыс-жақын шетелдерде, елімізде бірнеше рет жеке шығармашылық көрмелері өткізілген. Тарихи, философиялық, сюриализм, салт-дәстүр, лирикалық тақырыптарда жұмыс жасайды. Үнемі ізденістегі суретшінің тақырыптық шығармашылық жұмыстары әлемнің көптеген елдерінің музейлеріне сақтаулы.
Автор
Танирбергенов М. Ж., Мусакулов К. Т.
DOI
https://doi.org/10.48081/FPUV4580
Ключевые слова
Бейнелеу өнері, көркем сурет, академик, суретші-кескіндемеші, суретші-график, картина, кенеп, станокті кескіндеме.
Год
2021
Номер
Выпуск 4