СПОРТ АЛАҢЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙНАУДЫ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация
Бұл мақалада қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтың шығу тарихы мен қалыптасу кезеңдеріне шолу жасалды, елімізде және шетелде тоғызқұмалақ спортының дамуына үлес қосқан, компьютерлік бағдарламалар мен ойын ережелерін әзірлеген ғалымдар мен білікті жаттықтырушылардың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарына талдау жасалды. Дене мәдениеті және спорт саласындағы көптеген ғалымдар тоғызқұмалақ ойынында қозғалыс әрекеттері жоқ, ол тек баланың логикалық ойлауын жетілдіреді және ойынды мектеп бағдарламасына қосудың қажеттілігі жоқ деген пікірлеріне назар аударылады. Осы мәселені жан-жақты талдай отырып, балалардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тоғызқұмалақ ойынын топтық (командалық) ойыншылар болып қимыл-қозғалыста жүріп ойнайтын және логикалық ойлау қабілетін дамытатуға бағытталған жаңа нұсқасы ұсынылады. Мақалада жаңа ойынның негізгі ерекшеліктері, алаңдағы ойын жабдықтары және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын алаңының өлшемдері қарастырылады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу бағытында 2025 жылы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында өткізілген ХІІІ жазғы Универсиада аясында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 29 ЖОО-нан келген команда жетекшілері мен студенттер қатысты. Сауалнама нәтижелері талданып, зерттеу бағытымыздың дұрыстығы тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Автор
А.Б. Дошыбеков,
Ж.М. Есиркепов,
Б.Ө. Ермаханов,
А.Ж. Куватов,
Б.Т. Джигарбаев
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF2062
Ключевые слова
Кілтті сөздер: тоғызқұмалақ, ұлттық ойындар, ұлттық құндылықтар, логикалық ойлау, дене қабілеттері, жарыс.
Год
2026
Номер
Выпуск 2