МЕКТЕП–ЖОО ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ САНА-СЕЗІМІН ДАМЫТУ
Аннотация
Бұл мақалада болашақ педагогтардың кәсіби сана-сезімін дамытудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Автор кәсіби сана-сезімді тұлғаның өзін-өзі тануы, кәсіби рөлін ұғынуы, мамандыққа деген ішкі қатынасы мен болашақтағы кәсіби бағыттылығы ретінде сипаттайды. Зерттеудің негізгі мақсаты – кәсіби сана-сезімнің құрылымдық компоненттерін (когнитивтік, эмоционалдық, мотивациялық, рефлексивтік және мағыналық) кешенді түрде дамытатын тиімді модель ұсыну. Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды: бастапқы диагностика, даму моделін әзірлеу және қорытынды диагностика. Бастапқы кезеңде 37 студенттің кәсіби сана-сезім деңгейі арнайы психологиялық әдістемелер арқылы бағаланды: А.В. Карповтың рефлексияны анықтау әдісі, Т. Элерстің мотивацияны зерттеу тесті, Холлдың эмоционалды интеллект шкаласы, Д.А. Леонтьевтің мағыналық бағдарлар тесті және когнитивтік танымды бағалауға арналған тапсырмалар қолданылды. Диагностика нәтижесінде студенттердің бірқатар компоненттер бойынша төмен көрсеткіштері анықталып, сол олқылықтарды жоюға бағытталған арнайы даму моделі құрылды. Әр компонентке үш нақты практикалық іс-шара ұсынылды. Қайта жүргізілген диагностика даму моделінің тиімділігін дәлелдеді: студенттердің кәсіби түсінігі тереңдеді, рефлексиялық және мотивациялық белсенділігі артты, кәсіби құндылықтарға бағыттылығы күшейді. Мақалада кәсіби сана-сезімді дамыту болашақ педагогтың кәсіби тұлға ретінде қалыптасуының маңызды шарты екені көрсетіледі.
Автор
А.Л.Сеитова
У.М.Абдигапбарова
И.А.Оралканова
С.А.Рапикова
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF2088
Ключевые слова
кәсіби сана-сезім
болашақ мұғалім
педагогикалық диагностика
рефлексия
мотивация
кәсіби құндылықтар
эмоционалды интеллект
Год
2026
Номер
Выпуск 2