Вестник ToU
Педагогическая серия
search Найти
СТУДЕНТТЕРДІҢ ІШКІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада студенттердің ішкі интеллектуалды әлеуетін арттыру үдерісінде (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) әр адамның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, орталық жүйке жүйесінің жұмысын игеруге назар аударылатындығы қарастырылады. Жеке мүмкіндік диагностикамен анықталып, ойлау қызметі – «дене-тән» нысанын игеру үдерісінде қайрат-жігер туғызуға қозғаушы күші деп И.П. Павлов [1] бұл тұжырымды жан-жақты қарастырып, феноменді тұрғыда зерттеу жүргізгені – бұл жұмыстың басымдығы. И.П. Павловтың танымдық деңгейдің жоғарыға бағдар жасай алуы – сол тұлғаның адамға тән бейнелі және коммуникативті сигналдық тәсілдерінің ұдайы даму динамикасына бағынышты екенің дәлелдегені дене тәрбиесіне тікелей қатыстылығына түйіндеме жасалды. Тағылым танымы студенттердің дене шынықтыру сабағында тағылымдық-қисындық нысаналардың іс-әрекетке қандай құбылысқа, көрініске, үдеріске қатысты дегенге жауап беріп, олардың теориялық тұрғыда тани алатын дәрежеге жете алатыны аңғарылды. Зерттеу барысында «онтология», «аксиология», «гносеология» ұғымдары дене шынықтыру пәнінде қолданылуы жайлы зерттеу еңбегінің тапшылығы аңғарылды. Студенттердің (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) ішкі интеллектуалды әлеуетін арттырудың педагогикалық шарттары мен анықталған эксперименттің нәтижелері ұсынылған.
Автор
А. Ж. Куватов*, Е. Жұматаева, Е.С. Балтабаев, Т.С. Омаров, Е.А. Кистаубаев
DOI
https://doi.org/10.48081/VSWR8788
Ключевые слова
Кілтті сөздер: «студент», «ішкі интеллектуалды әлеует», «интеллект», «білім беру», «ұлттық код», «тән», «рух», «жан».
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ
Аннотация
Осы жұмыста студенттердің ғылыми құзіреттілігін қалыптастыруда жобалық оқыту технологиясының мүмкіндігі қарастырылады. Дидактикалық құралдарды негіздеу және жобалық оқыту процесінде студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру - мақаланың мақсаты болып табылады. Мақала авторлары ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарының анықтамаларын нақтылады. Зерттеу құзыреттілігі студенттердің когнитивтік, пәндік-практикалық және жеке тәжірибесінің күрделі синтезі ретінде әрекет ететіні көрсетілген. Зерттеу құзыреттілігінің жетекші функциялары анықталды және сипатталды. Дидактикалық құралдар және дайындық түрлеріне (теориялық, практикалық) байланысты жобалық оқытудың дамушы мүмкіндіктерін іске асыру шарттары белгіленді.Зерттеу құзыреттілігін дамыту деңгейлері айқындалып, мазмұнды сипатталған. Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің көпшілігінде зерттеу құзыреттілігін дамыту деңгейінің төмендігі және оқуды бітіруші курс студенттерінің 25%-ында құзыреттіліктің осы түрін дамытудың жоғары деңгейі бар екендігі анықталды. Бұл қазіргі заманғы жоғары мектеп түлектерінің көп жағдайда заманауи тез және қарқынды өзгеретін еңбек нарығында табысты қызмет етуге дайын еместігін білдіреді. Жобалық оқытудың даму әлеуетін күшейту студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет.
Автор
Зулкарнаева Жамила Амангельдиновна
Кусаинова Арнагуль Жаксылыковна.
Аргимбаева Айна Каиргельдыевна
Шубаева Нургуль Мейрамовна
DOI
https://doi.org/10.48081/EPZB5640
Ключевые слова
технология
жобалық оқыту
қалыптастыру,
зерттеу құзыреттілігі
студенттер
дидактикалық құралдар,
шарттар
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Аннотация
Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің танымдық белсенділігінің дамуы қарастырылады. Студенттердің танымдық белсенділігінің даму тиімділігін арттыру үшін педагогтің басшылығымен студенттің белсенді танымдық процесінің қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты студенттермен жұмыс істейтін оқытушылар алдында олардың танымдық белсенділігін дамытуды оңтайландыру міндеттері қарастырылады. Орта мектепте оқытудың стереотиптерін жеңу ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады, бұл кезде ересектердің бақылауы барынша жоғары болды. Сондықтан, жоғары мектепте студенттердің оқу мотивациясын арттыру қажет, бұл оқу-танымдық іс-әрекеттегі ішкі белсенділікті, сондай-ақ тәуелсіздікке деген ұмтылысты тудырады. Танымдық белсенділік екі жақты және өзара байланысты процесс ретінде қарастырылады. Оқытудың белсенді әдістерін анықтауға арналған әртүрлі жіктеулер, сонымен қатар кәсіби бағытталған мазмұнды материалды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін оқытуда қолданылатын негізгі әдістер қарастырылған - бұл проблемалық лекция, лекция-визуализация, бинарлық лекция, іскерлік ойын, жобалар әдісі. Оқытудың белсенді әдістерін белгілеуге арналған бірнеше жіктеу бар. Оқыту әдісін таңдау оқыту мақсаттарын, оқыту құралдарын, мазмұнын, баяндаудың ерекшелігін және бір білім алушының да, жалпы топтың да жеке сипаттамаларын жатқызуға болатын кейбір себептермен белгіленеді.
Автор
Накыпова Гулнур Кабылтаевна
Жамансариева Лаззат Дауревна
Баймаганбетова Жулдызай Турматовна
Керейбаева Анар Умирзаковна
DOI
https://doi.org/10.48081/TEHS5438
Ключевые слова
педагогика
танымдық қызмет
танымдық белсенділік деңгейі
мотивация
танымдық қызығушылық
оқытудың белсенді әдістері
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КРЕАТИВТІ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация
Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңғырту кезеңінде оқиғалардың дамуын болжауға, проблеманы тұжырымдауға және күрделі педагогикалық шешімдер қабылдауға қабілетті, сондай-ақ басқаларды өзінің дұрыстығына сендіре алатын мұғалімдерді даярлауға деген қажеттілік артып келеді. Осыған байланысты болашақ педагогикалық білім бакалаврларының креативтілігін дамыту ерекше өзекті болып отыр. Тұлғаның креативтік әлеуетін қалыптастыру мәселесін гуманитарлық ғылымдардың бүкіл жиынтығының ең іргелі мәселелерінің бірі деп санауға болады. Біздің ойымызша, шығармашылық әлеуеттің компоненттік құрылымы, өзара әсер ету және компоненттерді өзара толықтыру мәселесі жеткілікті зерттелмеген. Болашақ педагогикалық білім беру бакалаврларының шығармашылық қабілеттерін дамыту процесі білімнің жеткіліксіз болуына, теориялық және практикалық маңыздылығына байланысты ғылыми негіздемені және әдістемелік қолдауды қажет етеді. Осыған байланысты болашақ мұғалімдердің креативтік әлеуетін жетілдірудің теориялық аспектілері және шығармашылықтың мәнін психологиялық-педагогикалық тұжырымдама ретінде зерттеудің жаңа парадигмалары зерттеледі. Тұлғаның креативтік әлеуетін дамыту мәселесі шығармашылық теориясында жетекші мәселе болып табылады және «шығармашылық», «шығармашылық процесс», «шығармашылық белсенділік», «шығармашылық іс-әрекет», «шығармашылық тұрғыдан өзін өзі көрсету» және т.б. сияқты категориялар арқылы ашылады. ЖОО студенттерінің - болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін қазіргі жағдайдағы педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру идеясы негізделеді.
Автор
Асанова Жанна Сексенбаевна,
Тилеубай Сарсенкул Шайкамаловна
Бисенбаева Жадыра Қалыбайқызы
Токсанова Света Куптилеуовна
DOI
https://doi.org/10.48081/DGZJ4852
Ключевые слова
қалыптастыру,
креативтілік
әлеует
болашақ мұғалімдер
жоғары мектеп
жағдай және тенденциялар
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ РЕТІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯНЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Аннотация
Мақалада педагогикалық рефлексияны дамыту технологияларымен, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуы мен дамуында осы технологияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жағдайлармен байланысты мәселелердің өзектілігі негізделген. Даму технологиясын іске асыруды анықтайтын негізгі идея білім алушыларды білім беруді ізгілендіру аясында педагогикалық қызметке даярлау олардың кәсіби қызметін болжау, жобалау, жүзеге асыру және талдау қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби рефлексия негіздерін мақсатты түрде қалыптастыру жағдайында тиімді жүзеге асырылуы мүмкін деген ережеге негізделген. Осылайша, біз рефлексивті оқыту технологиясын қолдануды теориялық және практикалық талдауға, белгілі бір принциптерді сақтай отырып, оны жүзеге асыру үшін кеңістікті қамтамасыз ету тәсілдеріне баса назар аудардық. Зерттеудің аналитикалық кезеңінің нәтижелері білім алушыларды өзінің мақсаты туралы ойлауға, жеке тұлғаның, қоғамның және болашақ кәсіби қызметтің қажеттіліктеріне сәйкес өзін-өзі дамыту және кәсіби даму бойынша жұмысты жүзеге асыру қабілетін дамытуға үйрете алатын оқу кезеңінде кәсіби рефлексия негіздерін қалыптастыру технологиясын енгізу қажеттілігі туралы қорытындыға әкелді. Бұл технологиялар арнайы рефлексивті кеңістік жасайды, онда мұғалім кәсіби даралықты тиімді түсінеді және мұғалімдердің білім беру процесінде рефлексияны кеңінен қолдануға технологиялық дайындығы дамиды.
Автор
Г.М. Кажикенова
Р.Ж. Тулкина
DOI
https://doi.org/10.48081/ARHO2733
Ключевые слова
педагогикалық рефлексия, диагностика әдістері, рефлексияны дамыту технологиялары, білім беру процесі, кәсіби құзыреттер, рефлексия механизмдері.
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Функциональный механизм обеспечения сбалансированности образовательной и профессиональной деятельности
Аннотация
В статье представлен механизм создания национальной задачно-квалификационной системы, обусловливающей сбалансированность образовательной и профессиональной деятельности страны благодаря сбалансированности спроса и предложения на рынке труда путём выращивания в организациях образования необходимых профессиональных способностей. Приведена модель функциональной, системной перевязки типовых затруднений субъектов различных сфер и расстановки логических приоритетов развития, обусловливающих бескризисную жизнедеятельность страны. Концептуальными основаниями выявления типовых затруднений являются естественное стремление человека повышать качество жизни и необходимость последовательно обращаться в соответствующие сферы социальных услуг, производства продукции, индустрии, проектирования, науки, образования и культуры с целью создания и приобретения новых товаров и услуг. Через все квалификационные рамки национальной задачно-квалификационной системы проходят две содержательные линии: линия профессиональных задач и линия квалификационных требований к субъектам по их безусловному выполнению. На основе модели функциональной системной перевязки типовых затруднений субъектов составлена целостная картина типовых общепрофессиональных задач, распределённых по восьми квалификационным уровням. Типовые задачи являются основанием составления профессионально-квалификационных, а также учебных задач, формулирования соответствующих требований к знаниям, умениям, навыкам и способностям учащихся и специалистов. Названные задачи образуют единое задачно-квалификационное пространство страны. Особое значение придается функциям независимых сертификационно-квалификационных центров, которые производят оценку профессионализма, устанавливают квалификационный уровень претендентов и выдают подтверждающие сертификаты. Эти центры выполняют контрольно-коррекционные функции рынка труда по отношению к субъектам профессиональной и образовательной деятельности.
Автор
Кульбеков А.М.
Цой В.И.
Кирхмаер А.А.
Уалиева Р.М.
Елубай М.А.
DOI
https://doi.org/10.48081/UIUJ2411
Ключевые слова
задачно-квалификационные рамки
развитие субъекта
сертификационно-квалификационные центры
профессиональные задачи
квалификационные уровни
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
КУРСАНТТАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАР
Аннотация
Мақалада көшбасшылық, көшбасшылық әлеует феномені қарастырылады, осы тұжырымдаманы түсіндірудің әртүрлі амалдары ашылып, көшбасшылық туралы идеялардың даму тарихына қысқаша шолу жасалады. Курсанттардың көшбасшылық әлеуетін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттарын ашатын отандық, ресей және шетел ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалып, аталған феноменнің табиғатын түсіндіретін концепцияларға өзіндік көз-қарас түзілді. Ұйымдық құрылымдарды басқарудағы көшбасшылық қабілеттердің, әлеуеттің маңыздылығы дәлелденеді. Әскери істердегі көшбасшылық әлеуетін құрайтын қасиеттер талданады. Сөйтіп, жүйелік талдау көшбасшылық феноменін оның құрылымдық құрамдас бөліктерінен қарастыруға мүмкіндік береді. Курсанттардың көшбасшылық әлеуетін дамыту үшін педагогикалық шарттарды анықтау қажет. Көшбасшылық әлеуетін дамыту бойынша жүйелі, бірізді жұмыс жүргізбес бұрын, ең алдымен курсанттардың бастапқы психикалық қасиеттерін, мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау қажет. Мақалада курсанттардың көшбасшылық әлеуетін құрайтын қасиеттердің авторлық классификациясы айқындалған. «Көшбасшылық қабілеттерін диагностикалау» (Е.Жариков, Е.Крушельницкий), сонымен қатар «Көшбасшының баланс шеңбері» әдістерін қолдану арқылы жүргізілген көшбасшылық қабілеттердің кіріс диагностикасының нәтижелері берілген. Курсанттардың көшбасшылық қабілеттерінің көріну дәрежесіне сыртқы әсер ету мүмкіндігіне қатысты қорытынды тұжырымдалады. Курсанттардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері, нысандары және кезеңдері көрсетілген.
Автор
С. Е. Абаева
DOI
https://doi.org/10.48081/PYEZ5909
Ключевые слова
көшбасшы
көшбасшылық
әлеует
қабілет
даму
диагностика
курсант
эмоционалды интеллект
креативтілік
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ЖОО-НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ КОНТЕКСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК
Аннотация
Аталған мақала «білім берудегі әлеуметтік серіктестік» түсінігін нақтылауға және университеттің инновациялық дамуы тұрғысынан әлеуметтік серіктестіктің негізгі сипаттамаларын анықтауға бағытталған. Білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің теориялық негіздерін зерттейтін ғалымдардың еңбектері теориялық-әдіснамалық база ретінде пайдаланылды. Мақалада «білім берудегі әлеуметтік серіктестік» ұғымын анықтауға арналған негізгі зерттеу тұғырларын жалпылау нәтижелері келтірілген. Білім берудегі әлеуметтік серіктестік белгілі бір мәселелерді шешуге бағытталған білім беру жүйесін дамыту бойынша барлық қоғамдық секторлардың өзара әрекеттесуінің ерекше түрі ретінде анықталады. Университеттердің инновациялық дамуына ықпал ететін әлеуметтік серіктестіктің негізгі сипаттамалары қатарына: ортақ мақсаттарға жету үшін ресурстардың әртүрлі түрлерін біріктіру; еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды кәсіби даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу; бірлескен инновациялық құрылымдар үшін базаның болуы және т.б.атап өтілген. Зерттеу нәтижелерін ескере отырып, мақалада университеттегі әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша ұсыныстар берілген: университет пен ұйымдар бірлесіп жүзеге асыратын студенттердің мақсатты даярлануын ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізу; ЖОО-дағы бірлескен инновациялық құрылымдарды дамытудың қаржылық алғышарттарын қалыптастыру; ЖОО-ны студенттерін практикалық оқыту базасын кеңейту және т.б.
Автор
Г.Т. Уразбаева
Н.П. Албытова
DOI
https://doi.org/10.48081/NUPS3200
Ключевые слова
әлеуметтік серіктестік, университеттің инновациялық дамуы, әлеуметтік қатынастар, еңбек нарығы институттары, студенттерді мақсатты даярлау, ЖОО-дағы бірлескен инновациялық құрылымдар, бәсекеге қабілеттілік, ресурстардың интеграциясы.
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ПРОБЛЕМА ФОРМИРОВАНИЯ ЗДОРОВОГО ОБРАЗА ЖИЗНИ СТАРШЕКЛАССНИКОВ
Аннотация
Здоровье является основным фактором человеческой жизни, показателем качества его жизнедеятельности. В связи с увеличенной учебной нагрузкой наблюдается стойкая тенденция снижения уровня здоровья подростков. Интерес к теме состояния здоровья учащихся обусловлен тем, что настоящая возрастная группа является наиболее чувствительной к воздействию негативных факторов. Данная статья раскрывает проблемы формирования здорового образа жизни среди старшеклассников. Авторы статьи раскрывают основные факторы, оказывающие негативное влияния на здоровье старшеклассников, проблемы здоровьесбережения, указывают на проблемы формирования положительного отношения к здоровью. Теоретико-методологической базой научного исследования выступают актуальность проблемы здоровья учеников старших классов. Фактические данные собраны путем проведения анкетирования среди старшеклассников. В статье сделан обзор отечественной и зарубежной научной литературы по проблемам формирования здорового образа жизни детей подросткового возраста. Авторы указывают на необходимость проведения целенаправленной работы по формированию компетентности в здоровьесбережении. В статье раскрыты основные проблемы, влияющие на формирование здорового образа жизни подростка, показаны результаты анкетирования старшеклассников о здоровом образе жизни, на основе которых сделан вывод об отношении к здоровью у подростков.
Автор
А.Д. Кариев, А.С. Акрамова, А.Т. Абдуллаева
DOI
https://doi.org/10.48081/MNMV4753
Ключевые слова
здоровье, старшеклассники, фактор, здоровьесбережение, здоровьесберегающие технологии.
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
СОЗДАНИЕ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИХ УСЛОВИЙ ДЛЯ ПРОЕКТИРОВАНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНО-ОРИЕНТИРОВАННОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ТРАЕКТОРИИ БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ
Аннотация
В статье представлены материалы и результаты социально значимого исследования, целью которого является построение будущими педагогами профессионально-ориентированной образовательной траектории – персонального маршрута по овладению средствами решения профессиональных задач (образовательных программ, технологий формального, неформального и информального образования). Построение названной траектории требует организации сконструированных в ходе исследования психолого-педагогических условий для изменения мотивации и позиции студентов в направлении активного профессионального становления. Результатом исследования является Школа будущего педагога, организованная на базе Северо-Казахстанского университета им. М.Козыбаева. Деятельность данной Школы интегрирует формальное, неформальное и информальное образование, актуализирует свободу выбора обучающихся, развитие их индивидуальности и профессиональных привычек, формирование компетенций для решения профессиональных задач. К числу таких компетенций авторы статьи относят: готовность и способности адаптировать образовательный процесс в соответствии с собственными профессиональными целями; устанавливать партнерское взаимодействие с субъектами образовательной среды; создавать и использовать образовательную среду вуза и других образовательных учреждений; проектировать и осуществлять профессиональное самообразование. Основной вывод статьи - проектирование студентами исследуемой траектории требует, чтобы место обучения выходило за рамки вуза в профессиональные сообщества, а практика регионального образования стала дополнительным контекстом обучения
Автор
Уалиева Н.Т.
Мурзалинова А.Ж.
Альмагамбетова Л.С.
Уаисова С.К.
DOI
https://doi.org/10.48081/SWGR3373
Ключевые слова
профессиональная траектория
саморазвитие
профессиональное становление
проектирование
психологическая готовность
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал