ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА АЙМАҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ ГАЖ-ДЫҢ РӨЛІ
Аннотация
Мақалада аймақтық зерттеулерді жүзеге асыруда және кәсіби дағдыларды дамытуда ГАЖ технологияларының рөлі, география мұғалімдерін жергілікті зерттеулерге үйретудегі ГАЖ-ды қолдану әдістері қарастырылған. ГАЖ және өлкетану элементтерін біріктіру негізінде болашақ географтардың кеңістіктік ойлау мен талдау дағдыларын дамыту, олардың өлкенің тарихы мен географиясы туралы білімдерін тереңдету бойынша тұжырымдамалар ұсынылып, ЖОО-да география мұғалімдеріне арналған оқу бағдарламаларында ГАЖ технологиялары мен өлкетану зерттеулерін қолданудың мүкіндіктері талқыланды. Соның ішінде «Геоақпараттық картография» пәнін меңгеру барысында білім алушылар өлке туралы теориялық білімді игеріп ғана қоймай, өлкенің жалпы ақпараттық моделін құрудың әдістемелік негіздері қарастырылды. Зерттеудің тәжірибелік бөлімінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «География», «География-Тарих» білім беру бағдарламасының 3-4 курс білім алушыларымен жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижесі ұсынылып, «Геоақпараттық картография» пәнін оқу барысында білім алушылардың құрастырған өлкенің электрондық макеттері ұсынылды.
Автор
С.К.Айткожина
Н.Ж.Женсикбаева
Н.Мауленова
DOI
10.48081/BGQF1824
Ключевые слова
өлкетану
геоақпараттық жүйелер
геоақпараттық картография
аймақтық компонент
электрондық карталар
Год
2026
Номер
Выпуск 1