Абайтану пәнін оқытудың педагогикалық негіздері
Аннотация
Мақалада Абайтану пәнін оқытудың педагогикалық негіздері мен оның білім беру жүйесіндегі маңызы талданады. Абай Құнанбаевтың шығармалары жас ұрпақтың рухани, интеллектуалдық және адамгершілік дамуына ықпал ететін құрал ретінде қарастырылады. Әсіресе, «Толық адам» тұжырымдамасының қазіргі білім беру үдерісіндегі рөлі ерекше атап өтілген. Зерттеудің мақсаты – Абайтану пәнінде қолданылатын педагогикалық әдістерді саралау арқылы оның ұлттық тәрбиені дамытудағы рөлін айқындау. Зерттеуде педагогикалық тәжірибе, контент-талдау, салыстырмалы талдау және интерактивті оқыту әдістері қолданылып, Абай мұрасының оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамытуға ықпалы бағаланды. Мектеп бағдарламалары мен оқулықтарға контент-талдау жүргізіліп, оқушылар мен мұғалімдер арасында сауалнамалар мен сұхбаттар ұйымдастырылды. Педагогикалық тәжірибеде Абай шығармаларын оқытуда интерактивті технологиялар мен жобалық әдістердің тиімділігі зерттелді. Мақалада Абайдың педагогикалық идеяларының тәрбиелік әлеуеті көрсетіліп, оның шығармалары арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа, әділдікке және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу жолдары зерделенді. Зерттеу нәтижелері Абайтану пәнінің ұлттық мәдениетті сақтап, оны жаһандық өркениетке интеграциялауға ықпал ететінін көрсетті. Қорытындыда Абай мұрасының білім беру жүйесіндегі орны мен жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтудағы рөлі көрсетілген.
Автор
Курмангалиева Гульнур Толеугазыевна
Картаева Айжан Маратбекқызы
Жұмақаева Береке Даулетхановна
DOI
https://doi.org/10.48081/BTOUP3.2026/374-394
Ключевые слова
Абайтану
педагогикалық әдістер
ұлттық тәрбие
рухани даму
білім беру жүйесі
Год
2026
Номер
Выпуск 3