Вестник ToU
Педагогическая серия
search Найти
ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТ АЛАҢЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУ ДИДАКТИКАСЫ
Аннотация
Аталмыш мақалада баланың шығармашылық қабілетін дамыту теориясы мен практикасы, зерттеушілік жоба технологиясын пайдалану парадигмасы, құралдары, ғылыми-дидактикалық негіздері қарастырылған. Ұсынылып отырған мақалада баланың шығармашылық қабілетін зерттеушілік жоба технологиясы арқылы дамыту түрлері жайында ақпараттар жинақталған. Жұмыс барысында зерттелген ғылыми еңбектердегі мектепке дейінгі жастағы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға қатысты ғылыми-дидактикалық тұжырымдар зерделеніп, жинақталып, мақалада орын алған.Теория және практика үдерісіндегі баланың шығармашылық қабілетін зерттеушілік жоба технологиясы арқылы дамыту көріністерінің біршама бірліктері сараланып, қазіргі білім беру жүйесіне енгізілген зерттеушілік жоба технологиясының маңыздылығы аталынған. Дамыту мен тәрбиелеу үдерісінде практиканы іске асыру жайындағы дефиницияға қатысты біршама ұғымдарға, анықтамаларға шолу жасалынған, талданып, жинақталып, Дж. Дьюидің идеясын кең көлемде ашуға ұмтылыс жасалынған.Мақалада баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы - зерттеушілік жоба технологиясы екенінің мән-мағынасына қатысты зерттеу барысында айқындалған ұстанымдар аталып өтілген. Зерттеушілік жоба технологиясы мектепке дейінгі жастағы балалардың дамыту құралы ретіндегі мәселе жан-жақты айқындалып, түйінді идеялар сомдалған. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру үдерісінде орындалатын зерттеушілік жоба технологиясының түрлері мектепке дейінгі жасағы балалардың ерекшеліктеріне бейімделінетін формалары ұсынылған: зерттеушілік жоба технологиясы, шығармашылық зерттеушілік жоба технологиясы, нормативтік зерттеушілік жоба технологиясы деп жіктелген форматы мақалада көрініс тапқан.
Автор
З.Е. Жумабаева
А.А.Шаяхметова
Г.М. Кажикенова
DOI
https://doi.org/10.48081/GTJR6038
Ключевые слова
шығармашылық қабілет
дамытудың дидактикасы
зерттеушілік жоба технологиясы
«іс-әрекет арқылы оқыту» концептісі
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҮСІНІГІ, МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Аннотация
Тұлғаны дамыту – білім берудің негізгі тақырыбы мен мақсаты. Көпмәдениетті қоғамда тиімді жұмыс істеу қабілеті тұлға дамуының орталық аспектісі болып табылады. Бұл білім берудің негізгі мақсаттарының бірі.Әлемнің мәдени әртүрлілігін түсіну үшін алған маңыздылығына байланысты тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас бүгінде басымдыққа айналды. Иммиграция, урбанизация, халықаралық жұмыспен қамту, оқу алмасу бағдарламалары және шетелдік сапарлардың жеңілдігі әртүрлі мәдениеттер арасындағы күнделікті байланыстарды жеңілдетеді. Осылайша, бұл тақырып ғылымның көптеген салаларға қатысты, соның ішінде әлеуметтану, философия, мәдениеттану, психология, педагогика және т. б. Бұл мақаланың мақсаты мәдениетаралық коммуникация және мәдениетаралық құзыреттілік ұғымдарын анықтау, сондай-ақ мәдениетаралық құзыреттілік модельдерін талдау және кейіннен мәдениетаралық құзыреттілік мазмұнын қалыптастыру, оның ішінде мәдениетаралық құзыреттіліктің өзіндік моделін жасау болып табылады. Мақалада мәдениетаралық коммуникация және мәдениетаралық құзыреттілік ұғымдарды қарастырылады. Бұл ұғымдар арасындағы иерархиялық байланыс пен өзара тәуелділік анықталады. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде сипатталған анықтамалар назарға алынады. Сондай-ақ, мақалада мәдениетаралық құзыреттіліктің мазмұны қарастырылған. Атап айтқанда, батыс зерттеушілері әзірлеген мәдениетаралық құзыреттілік ұғымдары мен модельдері талданды. Авторлар осы модельдердің жіктелуі мен мазмұнын қарастырды. Алынған мәліметтер негізінде авторлар мәдениетаралық құзыреттіліктің өзіндік моделін жасады.
Автор
Абетанов Диас Нурланбекович
Жуматаева Енгилика
Беисова Алмагуль Еренбаковна
DOI
https://doi.org/10.48081/MLII3835
Ключевые слова
мәдениетаралық коммуникация
мәдениетаралық құзыреттілік
мәдениетаралық құзыреттілік моделі
мәдениетаралық құзыреттілік компоненттері
мәдениетаралық құзыреттілік мазмұны
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
The use of artificial intelligence in English language teaching
Аннотация
The article is devoted to the use of artificial intelligence (AI) in teaching English in secondary schools. The possibilities of using AI to personalize the educational process, automate knowledge assessment, interaction with students and developing of their communication skills are considered. The article presents the use of technologies such as intelligent platforms, automated knowledge assessment systems, chatbots and virtual assistants for speaking practice. These tools allow individualize the approach to each student, taking into account their level of knowledge, needs and personal pace of learning. The article discusses the important role of AI in ensuring continuous and effective learning, accessibility of resources and adaptation of materials to different styles of information perception. The introduction of AI is expected to significantly improve the quality of education and the effectiveness of training within the framework of the Concept of AI Development in the Republic of Kazakhstan for 2024-2029. Based on experimental data, it is shown that the use of AI tools improves student performance, increases their motivation and helps develop confidence in oral speech. Such technologies help improve the educational process and prepare students for the modern requirements of the digital age.
Автор
Егинбаева Ж.Ш., Пиговаева Н.Ю., Чех Т., Кошкимбаева Р.Х., Оразалиева Р.Б.
DOI
https://doi.org/10.48081/YYAJ2346
Ключевые слова
artificial intelligence, English language teaching, personalization of the educational process, automation of knowledge assessment, chatbots, virtual assistants.
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР-БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ
Аннотация
Мақалада рухани адамгершілік құндылықтар болашақ мамандарды жетілдірудің маңызды көрсеткіші ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени жағдайында рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқыту мен тәрбие беру мемлекеттік білім беру саясатының маңызды басымдылығына айналды. Елді жаңғыртудың негізгі факторы білім беру ұлттық келісімнің, қоғамның имандылығының, тұлғаның рухани бай болуы мен соның негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтудың кепілі болуды көздейді. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы – әлеуметтену процесінде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның құндылық-семантикалық саласының дәйекті түрде кеңеюі мен нығаюы, адамның дәстүрлі адамгершілік негізінде бағалау және саналы түрде өзіне, басқа адамдарға, қоғамға, мемлекетке, Отанға, жалпы әлемге деген қатынасының нормалары мен адамгершілік идеалдарды құру қабілетінің қалыптасуымен сипатталады. Осы ретте біз өз мақаламызда болашақ мамандарды жетілдірудің маңызды көрсеткіші ретінде – рухани адамгершілік құндылықтар мәселесін жан-жақты қарастыруға әрекет жасадық. Зерттеу жұмысы барысында болашақ әлеуметтік педагогтардың рухани-адамгершілік құндылықтарын анықтау мақсатында М.И.Шилованың «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары» әдістемесі мен қосымша сұрақтар қолданылды. Алынған нәтижелерге сандық және сапалық талдау жасалды. Осылайша, рухани-адамгершілік құндылықтар болашақ мамандарды жетілдіруде білім беру жүйесінің әлеуметтік тапсырысының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Автор
А.Б.Ерментаев1, Е.Н.Қаржаубай2, Ж.О.Небесаева3 , Г.Ж.Саттар4 Г.Б.Курмангазина5
DOI
https://doi.org/10.48081/VGGL3726
Ключевые слова
рухани құндылықтар, адамгершілік, құндылық, адамгершілік құндылықтар, маман, болашақ маман, көрсеткіш.
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Определяющие направления построения модели цифрового образовательного пространства для психолого-педагогической консультирования
Аннотация
Целью исследования является выявление представлений субъектов образовательного процесса о необходимости внедрения цифровых технологий в дошкольное образование с целью его доступности и определение направлений разработки и реализации цифрового образовательного пространства в дошкольном образовании и воспитании. Первым этапом исследования стало рассмотрение предпосылок и опыта организации цифрового образовательного пространства, предоставления цифровых услуг в отечественном и зарубежном дошкольном образовании. Определены нормативные основы оказания консультационной помощи населению. Далее в статье рассмотрен вопрос актуальности получения квалифицированной помощи родителями детей дошкольного возраста на основе использования метода фокус-группы. Представлены результаты опроса родителей, имеющих детей дошкольного возраста. Первый блок вопросов определил уровень общего представления родителей о цифровых технологиях в дошкольном образовании и воспитании, второй блок – о содержательной и номинальной характеристике цифровых услуг. При проектировании цифрового образовательного пространства и организации системы психолого-педагогического консультирования необходимо учитывать особенности возрастного и индивидуального развития детей. Анализ нормативных документов и научных источников, результаты фокус-группы родителей дошкольников позволили определить стратегию дальнейшей разработки вопроса организации цифрового образовательного пространства в дошкольном образовании, отраженных в заключении статьи.
Автор
С.А. Муликова
С.Б. Мукушева
Т.Г. Исхакбаева
К.Т. Кошкумбаев
Ж.Б. Карипбаев
DOI
https://doi.org/10.48081/VFMD9781
Ключевые слова
дети дошкольного возраста
медиаресурсы
дошкольное образование
цифровизация дошкольного образования
цифровое образовательное пространство
фокус-группа
психолого-педагогическое консультирование
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ: АҚШ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ
Аннотация
Мақалада ядролық сынақтар тарихын мектептегі білім беру жүйесінде оқытудың педагогикалық және әдістемелік негіздері талданады. Зерттеудің мақсаты — Қазақстан мен АҚШ-тағы орта білім беру тәжірибесі арқылы ядролық тарихты оқытудың мазмұны мен тәсілдерін салыстыра отырып, радиациялық және ядролық сауаттылықты қалыптастыру жолдарын анықтау. Семей ядролық сынақ полигонына қатысты 9-сынып тарих оқулығына контент-талдау жасалып, мәтіннің ғылыми деңгейі, тапсырмалардың құрылымы мен тереңдігі сараланды. Сонымен қатар, АҚШ мектептерінде қолданылатын цифрлық және музейлік ресурстар (мысалы, Bradbury Science Museum, National WWII Museum, Columbia AFE жобасы) негізінде оқушылардың рефлексиялық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістемелік тәсілдер сипатталады. Зерттеу барысында тарихи шолу, салыстырмалы талдау және педагогикалық әдістемелік сараптау әдістері қолданылды. Екі елдің оқыту тәжірибесі арасындағы айырмашылықтар білім мазмұнында ғана емес, оқушының азаматтық көзқарасын қалыптастыру мен экологиялық сананы дамытуға бағытталған әдістемелерде де айқындалды. Қазақстанда ядролық сынақтар тақырыбын тек фактологиялық деңгейде емес, тарихи, экологиялық және гуманитарлық қырларымен қамтып, пәнаралық интеграция негізінде оқыту қажеттігі негізделді. Мақалада оқыту мазмұнын жаңғыртуға қатысты нақты ғылыми-педагогикалық ұсыныстар берілді.
Автор
Жәнібек Мақсат Мұратбекұлы
Мамырбеков Арафат Мажитович
Оспанова Ақмарал Кенжеахметқызы
DOI
https://doi.org/10.48081/XMLY1685
Ключевые слова
ядролық сынақтар тарихы
тарихты оқыту әдістемесі
радиациялық сауаттылық
Семей полигоны
ядролық сынақ
музей педагогикасы
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
MULTI-ETHNIC ENVIRONMENT AS A FACTOR IN THE IMPLEMENTATION OF MULTICULTURAL EDUCATION OF FUTURE TEACHERS IN THE UNIVERSITY ENVIRONMENT
Аннотация
The education system faces a serious mission - to prepare the younger generation for life in the conditions of globalization, and therefore - in a multicultural world. It is logical that in multi-ethnic spaces the most acceptable and promising model is multi-ethnic education, which is an integral part of modern education with the exception of individual education systems. The main goal in such an education model is the formation and development of communicative and ethnopedagogical competence of students. Multicultural education of future teachers is carried out within the framework of the cultural and educational life of the region using the pedagogical potential of the surrounding socio-cultural environment in the educational process. The implementation of polyethnic education requires the functioning of a polyethnic environment not only within society but also within the educational space. It is crucial to define the content and essence of the polyethnic educational environment. Its influence on learners extends beyond personal qualities and behavior to include external factors such as the surrounding environment, social relationships, and activities. All these factors must be considered to work effectively with students. A number of studies have proven that the object of a teacher’s influence is not the student, not his qualities or behavior, but the conditions in which he lives.
Автор
A. Temirgalinova
DOI
https://doi.org/10.48081/OKZF6303
Ключевые слова
Keywords: multiethnic environment, educational environment of the university, communicative and ethnopedagogical competence, future teachers, multiethnic society, multicultural society, personality, ethnicity.
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ДЛЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ВУЗОВ ПО РЕАЛИЗАЦИИ ПРОГРАММЫ HONORS COLLEGE
Аннотация
Статья посвящена разработке методических рекомендаций для педагогических вузов, ориентированных на внедрение моделей академического превосходства, таких как Honors College. В условиях трансформации современного образования и повышения требований к качеству подготовки педагогических кадров подчёркивается необходимость перехода от традиционных подходов к более гибким, индивидуализированным образовательным траекториям. Honors College рассматривается как инновационная модель, обеспечивающая комплексное развитие студентов через интеграцию исследовательской, проектной и лидерской деятельности, а также активное использование цифровых образовательных технологий. Анализируется теоретико-методологическое обоснование данной модели и обобщается международный опыт её реализации, с акцентом на адаптацию к казахстанскому образовательному контексту. Особое внимание уделено вопросам формирования у студентов педагогических вузов профессиональных и личностных компетенций, включая развитие лидерских качеств, критического мышления и цифровой грамотности. Представлен практический опыт реализации программы Honors College в Казахском национальном педагогическом университете имени Абая, включающий примеры организации учебного процесса, менторской поддержки и вовлечения студентов в международные образовательные инициативы. На основе анализа сформулированы конкретные рекомендации для вузов по проектированию, запуску и сопровождению аналогичных программ. Подчёркивается, что внедрение модели Honors College способствует формированию образовательного пространства нового поколения, направленного на подготовку педагогов, способных эффективно действовать в условиях цифровизации, глобализации и постоянных изменений в образовательной среде.
Автор
М.А.Абсатова1
Д.Н. Билялов2
Б.М. Нарбекова3
Ш.Ж. Колумбаева4
DOI
https://doi.org/10.48081/BNIS5698
Ключевые слова
академическое превосходство
лидерские компетенции
цифровые технологии
образование
психолого-педагогическая поддержка
Год
2025
Номер
Выпуск 3
Посмотреть статью Посмотреть журнал
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВТЫҢ ЕҢБЕГІНДЕГІ АДАЛ АДАМ БОЛУ МҮМКІНДІГІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация
ББұл мақалада мектептің білім алушыларына Міржақып Дулатовтың шығармашылығын инновациялық технологиямен оқытудың нұсқасын жасап, оның бүгінгі ізгілікті жан әлемін инновациялық технологиямен сомдауға қатысты рөлін айқындауға мән берілді. Алаш қайраткерлерінің ел мүддесін қорғауына үлес қосқан Міржақып Дулатов өзінің шығармаларын халқының әл-ауқатын жақсартуға, бұрынғы үйреншікті өмір сүру дәстүрінен адасып қалған елінің мүшкіл жағдайын қалай жақсартамын деген көкейкесті мәселелерді шешуде оны өзінің ұстанымы ретінде іске асырғаны сараланған. Бұндай сүбелі еңбегінің 1904 жылы Арқадағы зиялы қауымның бас қосар орталығы Омбы қаласынан бастау алғаны байқалды. Жарияланып отырған мақаланың басымдық мәні жылдың мезгілдерін адам өмірімен байланыстырып, табиғаттың құдыреттілігін суггестівті тұрғыда бейнелеуі Абай Құнанбайұлы мен Ыбрай Алтынсарин өлеңдеріндегі идеялардан басқаша, жанры прозалық мәнде келгені, тәлім мен ізгілікті адал адам формуласына сай тұстары және оған қайшы жақтары мәтіндемелерден матрицаға, таксономияға салынып, психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалды. Автор жаз айын қыстан кейінгі уақыты «Көктем» ұғымы ғақлиясының ішкі сарынында байқалады. Екінші алгоритммен «Жазғы кеш» өлеңі бұл нағыз жаздың өзі, «Шілде» – жаз айының шарықтау шегі. «Табиғат – қоғам – адам» топтамасындағы психологиялық жағдайлары, әлеуметтік – мәдени, біліми деңгейлері сараланды. Келесі алгоритммен «Күз» мезгілінің адамдарға тигізер тауқыметі, оны жеңудің жолы – адал еңбек екендігі мақалада матрицамен, герменевтикалық әдіспен ашылған. «Қыс» мезгілі адамдардың табиғат қаһарынан сақтануын суреттеп, адам баласының «Қыс – қысыл, жаз – жазыл» халық даналығы адамды ширатарлық мәнде қолданылуының өзі бұл еңбектің феноменін дәлелдейді.
Автор
Жуматаева Е.
Анесова Г.Ж.
Анесова А. Ж.
Кусаинова Ж. Ж.
Кожамкулова Н. С.
DOI
https://doi.org/10.48081/UYVS9110
Ключевые слова
қайраткерлер
ұлт
идея
әлеумет
философия
табиғат
суггестив
адал адам
Год
2025
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Коммуникативті толеранттылық болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігінің құрамдас бөлігі
Аннотация
Болашақ педагогтердің инклюзивті білім беру қызметіне даярлығы ғылым мен педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыруда олардың психологиялық тұрғыдан инклюзивті қызметке дайындығын талқылау, жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан болашақ педагогтердің ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға білім беру және тәрбиелеу үрдісіне психологиялық тұрғыда дайындығын зерттеу болып табылады. Болашақ педагогтер инклюзивті білім беру кеңістігінде жұмыс жасау барысында олардың жеке бас қасиеттері, психологиялық даярлығы маңызды рөл атқарады. Педагогтің психологиялық даярлығы инклюзивті білім беруді сапалы іске асырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Мақалада болашақ педагогтердің коммуникативті толеранттылығын зерттеу нәтижелері талқыланады. Зерттеуге Абай облысы, Семей қаласындағы «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінің педагогикалық бағытта білім алатын 92 білім алушысы қатысты. Зерттеу әдісі ретінде В.В. Бойконың коммуникативті толеранттылық диагностикалық тесті қолданылды. Инклюзивті білім беруді нәтижелі іске асыруда болашақ педагогтердің психологиялық даярлығының алатын орны ерекше екені белгілі, сол себепті болашақ педагог мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың психологиялық даярлығын, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен толерантты өзара әрекеттесу қабілеттерін қалыптастырудың маңызы зор.
Автор
Шуакбаева Жулдуз Рамазановна
Оспанова Бибигуль Канатовна
Орынгалиева Шолпан Оралгалиевна
Султанова Нургуль Камильевна
Серикбаева Н. Б.
DOI
https://doi.org/10.48081/SGPQ5902
Ключевые слова
инклюзивті білім беру
инклюзивті құзыреттілік
психологиялық даярлық
коммуникативті толеранттылық
кәсіби даярлық
Год
2025
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал