СТУДЕНТТЕРДІҢ КИБЕРКОММУНИКАТИВТІК ТӘУЕЛДІЛІГІН АЛДЫН АЛУДЫҢ МОДЕЛІ
Аннотация
дәуір. Интернет пайдалану адамдар үшін жиі қолданатын маңызды ресурсқа айналды. Ол қарым-қатынас, білім алу және ойын-сауық сияқты өмір салаларына терең енді. Технологиялық құрылғылардың кең қолжетімділігінің арқасында Интернет адамдарды ақпараттандыру, оқу процесіне көмек көрсету, түрлі мәселелерді шешуге және басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату сияқты бірқатар артықшылықтарға ие маңызды құрал болды, алайда қазіргі таңда Интернетті шамадан тыс пайдалану студенттің өмір сүруіне және психологиялық денсаулығына кері әсер ететінін көруге болады және студенттердің киберкоммуникативтік тәуелділігіне алып келеді. Біздің зерттеуіміздің өзектілігі–студенттердің киберкоммуникативтік тәуелділігін алдын-алу мәселесін қарастыру және құрылымдық мазмұндық моделін ұсыну. Қазіргі таңда студенттердің киберкоммуникативтік тәуелділігінің даму бейімділігінің таралу деңгейі айқын көрінеді. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге сүйенетін болсақ, студенттердің киберкоммуникативтік тәуелділігін алдын алуда отандық педагогикалық ғылымында әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу керектігі айқындалып отыр. Бұл мақалада студенттердің киберкоммуникативтік тәуелділігін алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде көрсету үшін модель жасақталды. Ұсынылып отырған құрылымдық мазмұндық модель студенттердің киберкоммуникативтік тәуелділігін алдын алуда дұрыс түсініктің қалыптасуы мен өзіндік көзқарастарын қалыптастыруды және студенттердің киберкоммуникативтік тәуелділігін алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Автор
Б. Т. Керимбаева, *А. И. Базарбаева, С. А. Садыкова, Ж. И. Сатбай
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF2081
Ключевые слова
студент, киберкоммуникативтік тәуелділік, модель, интернет, киберәлеуметтену.
Год
2026
Номер
Выпуск 2