Вестник ToU
Педагогическая серия
search Найти
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Аннотация
Ұсынылып отырған мақалада химия пәнін оқытудағы тесттік тапсырмалардың ерекшеліктері қарастырылды. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді, оның ішінде химияны оқыту өзіндік қиындықтарға ие. Мақаладағы химияны оқыту барысындағы тесттік тапсырмаларды қолданудағы қиындықтар мен білімалушылардың білім сапасының көрсеткішін бағалаудағы маңызы көрсетілді. Пәнді оқытуда, сондай-ақ бағалаудың объективтілігіне тесттік тапсырмалардың тигізер әсері үлкен. Тесттік тапсырмалардың форматы, формасы және оның психологиялық тұрғыда білім алушыларға әсері қазіргі таңда көптеген зерттеу жұмытарының негізі болып жүр. Тапсырманы ұсыну білімді бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар кері байланыс алу, қызығушылық тудыру, білім беру мақсатында да болуы керек. Химияны оқыту барысындағы тест тапсырмаларының форматы мен оның формаларының ұсыну ерекшеліктері сараланды. Студенттерден сауалнама алу арқылы және тесттік тапсырмалар нәтижелерін талдау арқылы зерртеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижелері қорытындыланды.
Автор
Сапакова Айгуль Касенкановна
Әкімбаева Назым Айсақызы
DOI
https://doi.org/10.48081/CKLQ4943
Ключевые слова
тест
химия
әдіс
мәселе
білім
ұйымдастыру
компьютерлік тестіілеу
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ТЕХНОЛОГИИ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ В ВУЗАХ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Аннотация
Данная статья отражает вопросы научного проекта на тему «Научно-методологические основы организации учебного процесса в условиях дистанционного обучения в исследовательском университете аграрного профиля» ИРН: №АР09260956. Согласно научным исследованиям в рамках данного проекта, авторами статьи, проводится анализ и исследование по вопросам организации образовательного процесса в формате дистанционного обучения с использованием современных информационных технологий и различных педагогических методов обучения в вузах Казахстана. Авторы, в статье также рассматривают один из важных аспектов дистанционного обучения, как методы и технологии обучения при организации обратной связи между педагогом и студентами - основного фактора эффективности и качества предоставления образовательных услуг. Кроме известных методов получения обратной связи со студентами как специальные автоматизированные системы обучения и электронная почта, авторы обращают внимание на установление качественной обратной связи непосредственно при проведении онлайн занятии. В статье приводятся примеры проведения занятий в онлайн режиме на базе Казахского агротехнического университета им С.Сейфуллина. Так же в статье сделаны выводы и даны рекомендации по успешной реализации целей по улучшению дистанционного обучения и получения обратной связи со студентами в режиме онлайн обучения.
Автор
Г. К. Муратова
А. Е. Коксеген
Л. К. Тажибай
Л. К. Смаилова
Ж. М. Ташкенбаева
DOI
https://doi.org/10.48081/MZEP3663
Ключевые слова
дистанционное обучение
онлайн
информационные технологии
методы обучения
проект
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕЙМИФИКАЦИЯ МОДЕЛЬДЕРІН ТАЛДАУ
Аннотация
Бұл мақалада соңғы жылдары білім беруді дамытуда өзектілігі артып отырған, ақпараттық және ойын технологияларын пайдалануға негізделген геймификация тәсілі қарастырылады. Авторлар заманауи білім беру контекстінде «геймификация» ұғымын талдап, оның танымал болу себептерін анықтайды. Геймификация концепциясы беріліп, «ойын» және «геймификация» ұғымдарының негізгі айырмашылықтары салыстырылады, білім беруде геймификацияны қолдану схемасы ұсынылады. Сондай-ақ PBL моделінің ұпайлар, белгілер және көшбасшылар тақтасы түріндегі үш ойын механикасын пайдалануға, К.Вербах пен Д.Хантердің алты D қадамына, Ю-Кай Чоудің «Октализіне», электрондық оқыту үшін геймификация моделіне жан-жақты сипаттама беріледі. Талдау ойын механикасы мен элементтерін ойыннан тыс контексте пайдалануға негізделген «геймификация» тәсілін салыстырмалы бағалау арқылы жүргізілген нәтижелерді білім беру жүйесінде қолдану ұтымдылығын анықтауға бағытталады. Оқыту саласындағы геймификация әлі де аз зерттелгеніне қарамастан, талданған зерттеулердің көптеген нәтижелері оның әсіресе мотивация, оқу процесіне тарту және оқу нәтижелерін жақсарту тұрғысынан жоғары әлеуетін көрсетеді. Осы мақалада сипатталған соңғы білім беру геймификация модельдерін білу геймификация мамандарына білім алушылардың мотивациясын, жетістіктерін және қатысуын арттыру үшін оқу әрекетінде жаңа стратегияларды әзірлеуге көмектеседі.
Автор
С. С. Бекенова
А. С. Бекенова
Ж. С. Муталова
DOI
https://doi.org/10.48081/TIKP4340
Ключевые слова
геймификация
білім берудегі геймификация
ойын
мотивация
геймификация моделі
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯ ПӘНІН ЭКОЛОГИЯМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ
Аннотация
Мақалада «Көміртегі және оның қосылыстары» тақырыбын оқыту арқылы Мақалада «Көміртегі және оның қосылыстары» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың көміртек (II) оксидінің адам денсаулығына кері әсерін, яғни көміртек монооксиді қанның құрамындағы гемоглобинге қосылып, организмнің оттекпен қамтамасыз етілуін жояды. Көміртек диоксиді өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесінің жүруі үшін маңызды қосылыс болып табылады. Фотосинтез процесінің дұрыс жүрмеу нәтижесінде жануарлар мен адамдарда тыныс алу жүйесінің бұзылуына алып келеді. Табиғатты қорғау мәселесін шешуде судың және топырақтың ластануын болдырмау тәсілдерін үйрету арқылы табиғатқа үлкен жауапкершілік пен парасаттылық қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оларды енгізудің орындылығы қоршаған орта сапасының төмендеу себебін және адамзат баласының табиғат пен қоғам арасындағы қатынастарды тиімдірек ету қабілетін негіздеу үшін қажетті дәлелдерді таңдау арқылы анықталады. Инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалану химия сабақтарын оқытуда тиімді тәсілдері екені айқындалды. Жаңаша технологиялар оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, жоғары нәтижеге жетуге ықпал етеді. Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде 8 сыныптарға «Көміртегі және оның қосылыстары» тақырыбын өту арқылы оқушыларда еңбек мәдениеті мен қоршаған ортаға деген көзқарас мәдениеті қалыптасты. Білім алушылар практикалық іс-әрекет барысында көміртек оксидтерінің тірі организмдерге әсерін, зертханалық жағдайда өнеркәсіп орындарынан шығатын зиянды қалдықтардың табиғатқа тигізетін әсерін үйренеді. Жүргізілген эксперимент нәтижесінде бақылау топтың барлық көрсеткіштер бойынша білім деңгейі 75%-дан 78%-ға өсті. Зерттеу нәтижесінде химияны экологиямен байланыстыра оқыту барысында оқушылардың білім деңгейі эксперименттік топтың жалпы үлгерім нәтижесі 75%- дан 85%-ға артты.
Автор
Анарбаева Ш. У.
Алтынбекова М. О.
Мамырбекова А. К.
DOI
https://doi.org/10.48081/WGJC7746
Ключевые слова
Пәнаралық байланыс
Экологиялық білім
Жасыл химия
Химиялық ластану
Дидактикалық құралдар
Қоршаған орта
Адсорбция құбылысы
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ФИЗИКА ПӘНІНІҢ ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫН САЛЫСТЫРУ
Аннотация
Мақалада Қазақстандағы көп тілді оқытудың ерекшеліктері сипатталып, Қазақстан мен Ұлыбританияның жоғары сынып оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі физика пәнінің оқу бағдарламаларына талдау ұсынылады. Онымен қоса, екі ел арасындағы оқу бағдарламаларының сабақтастығы және сәйкестігі бойынша ақпарат беріледі. Осыған байланысты екі елдегі оқу мақсаттары, дағдылар мен бағалау жүйелері, оқыту тараулары мен тақырыптарына талдау жасалды және олардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрсетілді. Талдау үшін материалдар жинау екі елдің мемлекеттік білім беру стандарты негізінде жүргізілді. Оның негізінде құрастырылған жоғары сыныптардағы физика бойынша оқу бағдарламалары және жоспарлары салыстырылған. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер физикадағы фундаменталды болатын оқу бөлімдері мен тақырыптары арасында айтарлықтай мазмұндық ұқсастығын анықталды. Алайда, мүлдем ұқсастығы жоқ бөлімдер мен оған себеп болатын негіздері анықталды. Оқушылардың дамуы үшін қажетті қабілеттері мен дағдылары арасындағы негізгі айырмашықтары айқындалды (тәжірибелік, математикалық дағдылар). Сондай-ақ оқушылардың қалыптастырушы және жиынтық бағалау жүйесіндегі негізгі айырмашылықтары мен ұқсастықтары айқындалған. Қазақстандағы сыртқы жиынтық емтихан жүргізілу процесіне және дағдыларды тексеру бойынша ұсыныстар келтіріледі.
Автор
Жакупов Н.Р.
Сейтханова А.К.
DOI
https://doi.org/10.48081/YEZF3234
Ключевые слова
физика
білім беру бағдарламары
көптілді оқыту
білім беру бағдарламалары
орта мектептегі физика
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІШКІ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация
Мақалада әр баланың жеке қабілеттеріне сәйкес интеллектуалды дамуы, ерекше қабілеттерін, яғни жеке дарынын дамыту мәселесі кешенді сипатталады. Тарихи философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздеріне сүйене келе дарынды адамдардың тұлғалық ішкі әлемі анықталынған. Дарындылықтың табиғаты мен оның түрлері туралы көрнекті ғалымдардың маңызды тұжырымдамалары ұсынылды және дарынды оқушылармен жүргізілген зерттеулер нәтижелері берілді. Қазіргі уақытта дарынды жастардың мәдени және білім беру ортасында өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін жаңа тәсілдерді іздеу қажеттілігі туындайды, олардың оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде интеллектуалды қабілетін дамыту-өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Коммуникативті қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор. Осы қарастырылғандардың негізінде біздің зерттеу жұмысымызда теориялық мәліметтерді яғни, зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы, интеллектуалды дарынды жасөспірімдердің ішкі дүниесін зерттеудің эмпирикалық әдістерімен қатар зияткерлік дарындылардың өзін-өзі дамытудың құрылымдық-функционалдық үлгілері нақтыланды.
Автор
Сабирова Ж. Н.
Шугаева Г. К.
Мугауина Г. О.
DOI
https://doi.org/10.48081/CWUS1910
Ключевые слова
дарындылық
ішкі әлем
қабілет
интеллект
шығармашылықты тұлға
әлеуметтік құзыреттілік
жеке тұлға
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Importance and formation of intercultural communication competence of students majoring English teaching
Аннотация
Nowadays English education not only requires students to master the ability of listening, speaking, reading and writing, but also intercultural communication competence has become an indispensable part. However, we have to think about whether the university pays enough attention to and supports students' intercultural communication ability. The intercultural communication of students majoring in English education are uneven, and the way of improvement is relatively simple. The research was conducted in the form of questionnaires for the students of Two Foreign Languages in Eurasian National University. This paper analyzes the intercultural communication competence of students from five aspects: the degree of intercultural competence, the way of learning intercultural communication, the establishment of intercultural courses in university, the perception of intercultural competence, and the perception of university support. The results of the questionnaire show that students have different abilities and levels, and they do not pay enough attention to learning intercultural communication. University, students, and teachers need to put efforts to solve the learning problem of intercultural communication. The researcher investigate and think about the current situation and existing problems, and put forward corresponding countermeasures and suggestions for reference.
Автор
Ailiya Jieensi
Niazova Aigul Yssengeldievna
DOI
https://doi.org/10.48081/DPRO5042
Ключевые слова
intercultural communication competence
foreign language teaching
approach
attention
simulation game
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕ БЕЙВЕРБАЛДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Бұл мақалада оқытушының кәсіби қызметінде қолданылатын бейвербалды қарым-қатынас амалдары қарастырылады. Сөйлеу педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы болғанымен, оқытушының бейвербалды қарым-қатынас амалдарын шебер қолдануы оқу материалын тереңірек түсінуге, білім алушылардың зейінін арттыруға және оларды сабақта белсенді етуге ықпал етеді. Ым-ишара, дене қалыбы, визуалды байланыс, дауыс ырғағы, дауыс екпіні, жанасу сынды амалдар кейде сөздерге қарағанда күшті әсер қалдырады. Сөйлеудің мәнерлілігі мен әсерлілігі оқытушының осы бейвербалды қарым-қатынас амалдарын шебер пайдалана білуіне де байланысты. Педагогикалық қарым-қатынаста оқытушының жағымды ым-ишараларды қолдануы маңызды. Бұл оқытушының коммуникативті мәдениетінің деңгейін айтарлықтай арттырып, оқу үдерісіне оң әсерін тигізеді. Мақалада ақпарат тасымалдаудың маңызды арнасы ретінде бейвербалды қарым-қатынас туралы түсінік пен жалпы мағлұмат беріледі. Педагогикалық үдерістің тиімділігіне ықпал ететін бейвербалды қарым-қатынастың негізгі амалдары анықталады. Сондай-ақ кәсіби педагогикалық қызметтегі бейвербалды қарым-қатынас амалдарына (ишара, ым-ишара, проксемика және визуалды байланыс) ерекше назар аударылады, оқу үдерісіндегі бейвербалды қарым-қатынас қызметтері сипатталады. Авторлар кәсіби оқытушы бейвербалды мінез-құлық сигналдарының мағынасын түсініп, оларды оқу-үдерісінде дұрыс қолдана білуі керек деген қорытындыға келеді.
Автор
* А.С.Кельмаганбетова
Ш.Мажитаева
DOI
https://doi.org/10.48081/JTZU5413
Ключевые слова
бейвербалды қарым-қатынас
педагогикалық үдеріс
ым-ишара
проксемика
визуалды байланыс
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ВЫБОР СОВРЕМЕННОЙ МОЛОДЕЖИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА
Аннотация
В данной статье представлены результаты социологического исследования, проведенного с участием обучающихся 11 классов Туркестанской области на предмет выявления ценностных ориентаций и установок на получение высшего образования. Данная работа выполнена в рамках постдокторской программы «№AP14971423 «Социокультурная адаптация студенческой молодежи, обучающейся по программе "Серпін" в университетское пространство», профинансированной Комитетом науки Министерства науки и высшего образования. В статье приводятся основные факторы, влияющие на образовательный выбор молодежи Южного Казахстана, в том числе и на участие в государственной программе по содействию трудовой занятости молодежи и равномерному распределению образовательных и трудовых ресурсов «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050». Основными факторами, влияющих на образовательный выбор молодежи из Южного Казахстана являются: возможность обучения на гранте, качество образования, престиж вуза, дальнейшее трудоустройство.По мнению респондентов, основным источником информации по условиям участия в программе «Серпін» являются учителя школ, однако при выборе учебного заведения и образовательной программы школьники прислушиваются к мнению близких родственников. Возможность получения бесплатного высшего образования и получение стипендии являются основными мотвами для участия в программе.
Автор
Бейсенова А.А.
DOI
https://doi.org/10.48081/RCKP1510
Ключевые слова
государственная программа «Серпін»
обучающиеся
образовательный выбор
вуз
человеческий капитал
социальные установки
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
EDUCATIONAL PROGRAMS OF APPLIED BACHELOR'S DEGREE: MODERN LABOR MARKET REQUIREMENTS FOR PERSONNEL TRAINING
Аннотация
Currently, in the context of education modernization in the Republic of Kazakhstan, the problem of developing educational programs for applied bachelor's degree is becoming very urgent. Based on the analysis of statistical data, the article discusses the need for their implementation and successful functioning in the Republic of Kazakhstan. When analyzing the demand, it is necessary to take into account that the object of this analysis is the approximate ratio of supply and demand in the regional and republican labor markets for a particular specialty or profession, in which training is or will be conducted in a TVE organization. The analysis of sociological studies of international and domestic labor market shows which specialties and professions are most in demand. They are associated with the following areas of activity: nanotechnology, high-tech engineering, biotechnology, sales and marketing, IT technology, services, logistics and transport, medicine, chemical industry, “clean” energy and environment. Training in OPPB is carried out in the areas that combine groups of related professions, specialties and skill levels. The most in-demand areas are: business and management, metallurgy and metalworking, electrical engineering, construction, woodworking, textiles and clothing production, chemistry, physics and biology, printing, interior design, health and hygiene, food processing, agriculture, ecology and environmental protection environment, etc.
Автор
A.Sh. Zhumasheva
G.Kh. Demessinova
A.K.Zhetpisbay
DOI
https://doi.org/10.48081/SPHH2734
Ключевые слова
bachelor's degree
applied bachelor's degree
educational program of applied bachelor's degree
pedagogical specialty
professional activity.
Год
2022
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал