ПРОФЕССОР АЛМА ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Аннотация
Интеграция теориясына бағытталған интеграцияланған оқыту барлық уақытта да педагогикалық ой таластың ортақ та өткір тақырыбы болып табылады. Оқу бағдарламасын жоспарлау, оқытуға бағалау деген кешенді көзқарас, білім беру теориясы мен оқу бағдарламасын саралау педагогикалық бағытта бұрыннан талқыланып келе жатыр. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада осы зерттеулердің негізінде профессор Алма Қыраубаеваның оқыту технологиясына тиесілі педагогикалық зерттеіне шолу жасап, оның өмірлік және кәсіби тәжірибесін инетграциялық негізде қолдау көрсететін негіздемелер мен тұжырымдарға салыстырмалы түрде талдау жүргізілген. Әлемдік педагогика мен отандық педагогикада интеграцияланған оқыту технологиясы бойынша бірде-бір автор мен нақты ізашар белгіленбегені анық. Заман талабына сай ол білім беру барысында тәжірибемен бірге дамып, оны біршама зерттеушілер мен тәрбиешілер, білім беру саласының практиктері дайындады. Ғалым, профессор Алма Қыраубаева елімізде интеграцияланған оқыту технологиясын қалыптастыратын ізашарлардың бірі болып отыр. Заман ағымына орай уақыт өте келе оқыту технологиясының дамуы мен интеграциялынған оқыту тұжырымдамасы танымал бола бастады, оны біршама білім беру мекемелері мен ұйымдары кеңінен қолданылады. Бүгінгі күні көптеген тәрбиешілер мен білім беру мекемелері ұтымды оқыту ортасын құру үшін компьютерлерді, интернетті, онлайн оқыту курстарын және басқа да технологиялық құралдарды қолдана отырып, дәстүрлі оқытудың әдістерін біріктіре отырып, интеграцияланған оқыту технологияларын белсенді түрде қолданады.
Автор
Ж.Н.Кумисбекова1
Р.К.Керимбаева2
Ж.Т.Сарыбекова3
DOI
https://doi.org/10.48081/NHOO3425
Ключевые слова
интеграцияланған оқыту
интеграциялық технология
ұлттық болмыс
ұлттық мектеп
«Сенім» бағдарламасы
пәнаралық байланыс
оқушы тұлғасы
шығармашылық
Год
2025
Номер
Выпуск 2