ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫН СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Мақалада педагогикалық оқу орын студенттерінің оқу-танымдық іс-әрекеті табыстылығына зерттеу жүргізілген. Ең алдымен, оқу-танымдық іс-әрекетті зерттеудің өзектілігі анықталған. Оқу-танымдық іс-әрекетке қатысты отандық және шетелдік ғалымдар Н. А. Курдюкованың, С. Д. Смирновтың, М. Р. Шабалинаның, Н. В. Калининаның, Ш. Т. Таубаеваның, А. Қ. Рысбаеваның, Н. А. Кулмышеваның, Д. А. Жансерикованың еңбектеріне талдау жасалынды. Осы тақырып аясында жүргізілген зерттеулерге талдау жасалынып, тақырыптың қарама-қайшылықтары, мақсат, міндеттері анықталды. «Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі табыстылық» ұғымының мағынасын түсіну үшін «табыстылық», «іс-әрекет табыстылығы», «оқу әрекетінің табыстылығы», «танымдық әрекет табыстылығы» категорияларына бөліп қарастырып, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық аспектіде талданды. «Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі табыстылық» ұғымының мәнін ашу үшін, Г. Асқарованың, Г. К. Ордабаеваның, Е. Ж. Рысбаевтың, М. И. Махмутовтың, Г. М. Мадиярованың, А. Усенованың, А. Қ. Рысбаеваның, М. В. Францеваның еңбектеріне сүйене отырып, контент-талдау жасалынды. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын анықтау мақсатында А. К. Усенованың «Табысқа жетудің оң және теріс факторлары» сауалнамасын, Т. Элерстің «Тұлғаның табысқа жетудегі түрткісін диагностикалау» әдістемесін қолданып, зерттеу жүргізіліп, нәтижелері шығарылды.
Автор
Г. А. Жакпарова
DOI
https://doi.org/10.48081/ZAWB2435
Ключевые слова
табыстылық
оқу-танымдық табыстылық
студент
педагогикалық оқу орны
оқу іс-әрекеті
танымдық іс-әрекет
Год
2022
Номер
Выпуск 3