МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ: ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ПІКІРЛЕРІ
Аннотация
Бұл зерттеу білім беруді цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасының педагогикалық жоғары оқу орындарында математикалық анализ курсын оқытудың қазіргі жағдайын студенттер мен оқытушылардың осы курсты оқыту аспектілері туралы пікірлерін зерделеу негізінде анықтауға бағытталған. Осы мақсатта қатысушылардың әр тобы үшін екі түрлі сауалнама әзірленді. Зерттеу нәтижесінде алынған сапалы деректер тақырыптық талдау арқылы, ал сандық деректер дискриптивті анализ арқылы талданды. Бұл талдаудың нәтижелері цифрлық технологияларды математикалық анализ курсына кіріктіру мәселесі айтарлықтай дамытуды қажет ететінін көрсетті. Оқытушылар мен студенттер сонымен қатар цифрлық технологияның аталған курс мазмұнына кіріктірілуіне қатыссыз, курсты оңтайлы оқыту мен меңгерудің кейбір қиындықтары мен кедергілерін көрсетті. Студенттердің курсты оқу кезіндегі математикалық дайындық деңгейлерінің әртүрлілігі және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларының жеткіліксіз дамуы, қазақ тіліндегі оқу материалдарының, соның ішінде цифрлық білім беру ресурстарының жеткіліксіздігі, оқытушылардың цифрлық технологияларды қолдану деңгейін көтеру қажеттілігі және осыдан шығатын оқытуды ұйымдастыру әдістерін жетілдіру қажеттілігі сияқты мәселелер білім алушылардың математикалық анализ курсының оқу нәтижелеріне ұтымды жетуде маңызды кедергілер болатындығы анықталды.
Автор
Илиясова Гулаим Болатбековна
Искакова Акжолтай Курмантаевна
Жадраева Лариса Уштановна
DOI
10.48081/BGQF1836
Ключевые слова
математикалық анализ курсы
оқытушылардың пікірлері
студенттердің пікірлері
оқытуды ұйымдастыру
оқыту проблемалары
меңгеру проблемалары
цифрлық технологиялар
Год
2026
Номер
Выпуск 1