Инновациялық-білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамыту мәселесінің зерттелу дәрежесі
Аннотация
Аннотация: Қазіргі қоғам халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін дамытуды өте қажет етеді. Балалық шақтағы құқықбұзушылық пен жасөспірімдердің нашақорлығы артып келеді, компьютерлік тәуелділік пен балаларда «виртуалды» агрессия жиілеп барады, жас ұрпақта жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі бұзыла бастады (қарым-қатынас мәдениеті, толеранттылық, жанашырлық қабілеті, мұқтаж адамдарға көмекке келу ниеті). Бұл мәселелерді шешу мамандандырылған мамандардың - әлеуметтік педагогтардың кәсіби көмегінсіз мүмкін емес. Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін мектептерге жоғары білікті, кәсіби табысты әлеуметтік педагог қажет.
Бұл мақалада инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамыту мәселелері қарастырылады. Шетелдік және отандық авторлардың кәсіби табыстылығының маңызды және мазмұнды сипаттамаларын көрсететін ғылыми еңбектері талданады. Теориялық талдау, нақтылау, жалпылап, жүйелеу әдістері арқылы болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығының дамуы бірқатар факторларға байланысты деген қорытынды жасалды.
Автор
Утегенова Меруерт Сыздыковна, Шолпанкулова Гульнара Кенесбековна, Нурмагамбетова Ботагоз Амангельдиновна
DOI
https://doi.org/10.48081/RSLQ7894
Ключевые слова
Кілтті сөздер: инновациялық білім беру ортасы, кәсіби табыстылық, болашақ әлеуметтік педагогтар, болашақ мамандар, қабілеттер,кәсіби құзыреттілік, мотивация.
Год
2021
Номер
Выпуск 4