ЖАЛПЫ ФИЗИКА КУРСЫН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аннотация
Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың дамуымен оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу қажеттілігі туындады. Көптеген жоғары оқу орындарында физика бойынша бұрыннан ескірген зертханалық жабдықтар білім беру үдерісін жаңғырту жолында қиындықтар туғызады. Дәріс экспериментін көрсету кезінде, сондай-ақ зертханалық сабақтарды өткізу кезінде ескі, бірнеше рет жөнделген құралдар қолданылады. Білім беру жүйесінде ерекше назар аударылатын негізгі мәселелер жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ кешенді жаңғырту болып табылады. Білім беру үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу қолданыстағы оқыту технологияларын тиімді толықтыруға немесе оқытудың дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда қосымша артықшылықтарға ие болуға тиіс. Физиканы оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдану білім сапасын арттыра отырып, зертханалық жұмыстарды қызықты етуге мүмкіндік береді. Мақалада жоғары оқу орындарында физика бойынша виртуалды зертханалық жұмыстарды енгізу ерекшеліктері қарастырылған. Педагогикалық ЖОО-да жалпы физика курсын оқытуда студенттерге білім беру үдерісін жетілдіру үшін виртуалды зертханалық кешендерді қолдану мәселелері айтылады. Зертханалық сабақтарды өткізудің психологиялық-педагогикалық аспектілері талданып, виртуалды зертханалық кешендерді пайдаланудың маңызды артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Нақты экспериментті виртуалды түрде толықтырудың маңыздылығы атап өтілді.
Автор
DOI
https://doi.org/10.48081/ZDHG8407
Ключевые слова
физика, виртуалды зертхана, эксперимент, компьютерлік модельдеу, Обербек маятнигі
Год
2020
Номер
Выпуск 3