АДАМ САНАСЫН РУХАНИ ЖАҢҒЫРТУҒА ҚАТЫСТЫ АБАЙДЫҢ АҚЫЛЫ
Аннотация
Бұл мақалада ұлы ойшыл Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани байлығын асырып қана қоймай, әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесі, тағылымы бүгінгі таңда да өміршең, адамның рухани дамуында ерекше орынға ие болары атап айтылған. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтарға рухани–адамгершілік негізі ретінде мән берілген.
Абайдың асыл мұра ретінде қалдырған ақылын рухани байлығымыз ретінде қолдана білсек, кең байтақ еліміздің әлем кеңістігінде абыройы арта берері сөзсіз екеніне мақалада ерекше көңіл бөлінген. Мұнда егемендігіне ие болған Қазақстан елінің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарастырып, оны қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселені шешуде Абай ақылшымыздың шығармаларындағы ізгіліктік идеялардың жас жеткіншектердің санасында маңызды орын аларының мәні ашылған.
Мақалада осы тұрғыда Абай ақылы ұстаздың деонтологиялық сипаты тұрғысынанда қарастырылған, яғни оның сан қырлы білім алып, тәрбиеленуі, парыздылық сана сезімі, таным және ерік үдерістерінің нәтижесі болып табылатынына айтарлықтай көңіл бөлінген.
Қорыта айтқанда, мақалада ойшылдың рухани-адамгершілік тәрбие туралы идеялары, білімді, ағартушылықты, мәдениетті жан-жақты дамытудағы рөлі, психологиялық-педагогикалық ғылымның дамуына қосқан үлесіне ерекше назар аударылады.
Автор
Кертаева Галиябану Махметовна
DOI
https://doi.org/10.48081/BFIV8111
Ключевые слова
Абай, ғылым, сана, рухани жаңғыру, деонтология
Год
2021
Номер
Выпуск 1