ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Бүгінгі қоғамда білім беру жүйесі толыққанды өзгеріске ұшырап, білім алушыларды жаңаша ойлауға мақсат тұтқан білім беру кезеңі жүзеге асуда. Осыған орай жаңа білім парадигмасы негізінде білім алушы мен педагог арасында субъектсубъектілі қарым-қатынас орнату арқылы білім алушылардың шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыру міндеті қойылды. Жаңартылған мазмұнда білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау өзекті мәселелердің қатарынан орын алды. Соның ішінде еліміздегі шағын жинақты мектептердің педагогикалық үдерісін ұйымдастыру мәселесі кеңінен, терең зерттеуді қажет ететіндігі айқын. Мақалада шағын жинақты мектептердегі педагогикалық үдерістің компоненттері қарастырылған. Педагогикалық үдерістің ұйымдастырушылық-әрекеттік компоненті оның субъектілерінің өзара әрекеттесуін басқаруды ұйымдастырудың екі деңгейімен сипатталады. Бірінші деңгейде бұл педагогтардың тәрбие жұмысын басқару. Мұны жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының педагогикалық ортасын ұйым деп атауға болады. Бірінші кезекте қажетті материалдық - техникалық жағдайлармен процесті үйлестіретін мемлекеттің ұйымдастырушылық рөлі көрінеді. Екінші деңгейде тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тікелей өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Мұнда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының принциптерін тәрбие мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі ретіндегі ұйымдастырушылық рөлі көрінеді.
Автор
Омірзақова Әсел
DOI
https://doi.org/10.48081/YUJR1935
Ключевые слова
шағын жинақты мектеп
педагогикалық үдерістің компоненттері
оқыту мақсаты
оқыту әдістері
оқушылардың өзіндік жұмысы
Год
2022
Номер
Выпуск 2