Вестник ToU
Педагогическая серия
search Найти
СТУДЕНТТЕРДІҢ ІШКІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
Аннотация
Осы мақалада студенттердің (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) ішкі интеллектуалды әлеуетінің орны туралы айтылған. Сонымен бірге студенттердің (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) ішкі интеллектуалды әлеуетін арттырудың әдіснамалық негізі қарастырылады. Жеке мүмкіндік тек «стохастикалық парадигмамен» анықталатынын ескеріп, үш: стохастикалық, эмпирикалық, алгоритмдік парадигмалардың сабақтастығын тұтас алынғаны бағамдалған. Зерттеу барысында «онтология», «аксиология», «гносеология» ұғымдары дене шынықтыру пәнінде қолданылуы жайлы зерттеу еңбектерінде тапшылығы аңғарылған. «Онтология», студент өзінің табиғатын зерделеп, өзінің болмысына дене шынықтыру пәнінің, қандай пайда әкелетіні тұрғысынан көмек беретінін байқай алуына бағдарлайтыны туралы жазылған. «Гносеология» студенттердің дене шынықтыру сабағында тағылымдық-қисындық нысаналардың іс-әрекетте қандай құбылысқа, көрініске, үдеріске қатысты дегенге жауап беріп, олардың тағылымды тани алатын дәрежеге жете алатынын аңғартқан. «Аксиология» студенттердің ішікі интеллектуалды әлеуеттерін арттыруда құндылықтар түрлерін ажыратып, өзіне не қажет екенін саралай алу іскерлігін, тәнін билейтін жан азығы білім мен ғылым негізіне жүгініп, жаттығу түрлерін таңдай алу тұжымын орнықтырған.
Автор
А. Ж. Куватов
С. Е. Жильгельдинов
С. Н. Аскапов
DOI
https://doi.org/10.48081/PSSR2272
Ключевые слова
«студент»
«ішкі интеллектуалды әлеует»
«тән»
«жан»
«рух»
«құндылық»
«онтология»
«гносеология»
«аксиология»
«жеке мүмкіндік»
«парадигма»
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҒАЛЫМНЫҢ ТАҒЫЛЫМ ТАНЫМЫ
Аннотация
Автор бұл мақалада ғалым-зерттеуші Төлеубекова Рымшаш Кәмешқызының ұстанымы аталған тұжырымға сәйкес келетіні байқалды. Өзінің меңгерген ғылыми пайымының құндылығын саралауға қайшылықты табан аузында, оқысынан нұсқалы тұрғыда анықтай алуы зерттеушінің өз-өзімен диалогқа түсу іскерлігін ұштап отыруын аңғартады. Ғалым зерттейтін мәселелердің бірі-барлық әлеуметтік және экономикалық проблемалар мен қақтығыстармен әр түрлі, күрделі әлем қарсаңында тұрған моральдық жетілген тұлғаның қалыптасуы, жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайларға бейімделудің кең мүмкіндіктерін анықтау. Халықтық педагогиканың ғасырлар бойы бала тәрбиесін біліммен сіңіре алу шеберлігін жаңғырту сыңайында автор балалардың эмоциялық, аффектілік құбылу сәттерін қадағалап, олардың шаршамау, жалықпау, марғаулыққа салынбау секілді терісқақпай қылықтардан азат ету амал-тәсілдерге тоқталған. Рымшаш Кәмешқызы зерттеу еңбектерінің доминанты сыңайнда ғылыми феноменін айқындайтын 8 бағыттарын жіктегені – әрбір өткізілуге тиісті жұмыстарының нәтижеге бағдарлануын қамтамасыз етуді басымдықта алғаны. Мұның өзі бүгінгі модернизация талабына үндес келуін көрсетеді. Ғалым жастардың білім мазмұнынан меңгерген ішкі ойлау, еске сақтау, оны келесі күндерде ұмытпау, әрбір қабылдау үдерісінде әр баланың өзінің бейіміне тән қабылдау әдісінің орнығуы (перцептивтік үдеріс), бір сабақ және апталық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және т.б. траекториялық желінің өсуі, олардың бөлек-бөлек берілген тақырыптарының сабақтастығын сақтай білуі (апперсептивтік үдеріс) сияқты психологиялық-педагогикалық негіздерді баланың санасына жеткізуі.
Автор
Е. Жуматаева
DOI
https://doi.org/10.48081/GCZW7662
Ключевые слова
психология
этнопедагогика
бағыттар
ғалым-зерттеуші
құндылықтар
тұлға
тәрбие
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
КРЕАТИВТІ ОЙЛАУДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация
Қоғамның постиндустриалды ақпараттық дамуының динамикасы әлеуметтік институт ретінде білімге жаңа жоғары талаптар қояды. Қарқынды дамып келе жатқан әлемде жеке тұлғаның білім алуын, дамуын және тәрбиесін қамтамасыз ету, тұтас дүниетанымды, мамандардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық кәсібилігін, креативті ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Бұл мақсаттарды бұрынғы білім беру парадигмасы шеңберінде іске асыру мүмкін емес, адам туралы ғылымның барлық жетістіктері негізінде білім беруді жаңғырту талап етіледі. Қазіргі білім беруді парадигмалық түзетуде педагогикалық ғылым ерекше рөл атқарады. Бұл мақалада білім берудегі креативті ойлау философиясы, білім алушылардың креативті ойлау қабілетін арттыру, танымдық-шығармашылық әдістемелер, ғылыми зерттеу, белсенді оқыту әдістемесі бойынша зерттеулер, сонымен қатар, аталған сала бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, дереккөздерге шолу жасалып, талдау жасалды. Білім алушының танымдық дағдыларын дамытуға әсер етуші факторларға сипаттама берілді. Білім алушылардың креативті ойлау дағдысын қалыптастыруда ұсынылатын әдістемелер мен тұжырымдар аталып көрсетілді. Бұл ғылыми мақаланың мақсаты білім алушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру шеңберінде зерттелген ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу, талдау жасай отырып, тұжырымдау.
Автор
Куспанова Аикун Кабдыкаировна
Абдиманапов Бахадур Шарипович
Емин Атасой
DOI
https://doi.org/10.48081/WNJZ6595
Ключевые слова
креативті педагогика
креативті ойлау
оқыту әдістемесі
креативті ойлау философиясы
белсенді оқыту стилі
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КОГНИТИВТІ КОМПОНЕНТТІҢ КРИТЕРИЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
Аннотация
Мақала әлеуметтік жауапкершілікті кәсіби тұлғалық сапа ретінде қалыптастыруда когнитивті компоненттің критерилік көрсеткіштерін анықтауға арналған. Когнитивті компонент әлеуметтік жауапкершілік құрылымындағы маңызды және негізгі компонент. Өйткені қандайда бір кәсіби сапаны қалыптастыру үшін, ол туралы білім алушының тұтас түсінігі, қабылдауы, саналы қатынасы болуы шарт. Өздігінен әлеуметтік жауапкершілік күрделі құрылымды категория болғандықтан авторлар бұл салада бұдан бұрынғы зерттеулерге сүйене отырып, когнитивті компоненттің әлеуметтік хабардарлық және мағыналық критерилерін талдауды зерттеу жұмысының міндеті ретінде қарастырады. Бұл міндетті орындау үшін білім алушыларда әлеуметтік жауапкершіліктің мазмұны туралы білімнің жалпы жағдайы жөнінде ақпарат жинақтауға мүмкіндік беретін әлеуметтік сауалнама және әлеуметтік жауапкершіліктің жеке маңызын сезінудің, түсінудің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін «жуапкершіліктің» көпөлшемдік функционалдық диагностика әдістемесінің бесінші және алтыншы шкалаларының нәтижелері алынды. Зерттеу жұмысының нәтижесі білім алушыларда әлеуметтік жауапкершілікті тұтас, түбегейлі қабылдауға қарағанда біржақты түсініктің басымдылығын көрсетті. Бұндай көрніс әсіресе, бірінші курс студенттерінде айқын көрінеді. Қандай да бір саналы іс-әрекетті жүзеге асыруда болашақ педагогтің тек қана қоғамдық біліммен шектелуі жеткілікті емес. Сондықтан, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруда когнитивті компоненттің жан-жақты зерделенуі, бұл процестің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Автор
Конырова Арай Абдыхановна
Сламбекова Толкын Сламкуловна
Сарсенбаева Ботагоз Габдулловна
DOI
https://doi.org/10.48081/LFSL3897
Ключевые слова
кәсіби тұлғалық сапа
әлеуметтік жауапкершілік
когнитивті компонент
хабардарлық
мағыналық критерилер
түсіну
қабылдау
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
НАРРАТИВ ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕНІ ТҮСІНУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Аннотация
Мақалада нарратив теорияларына салыстырмалы талдау келтірілген. Нарратив мәтінінің негізгі мағыналық қалыптастырушы және құраушы факторлары, негізгі бірлігін, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша баяндаудың негізгі категорияларын айқындап көрсетеді. Нарративтің оны басқа мәтіндерден ерекшелейтін типтік ерекшеліктерін анықтау үшін нарратив мәтіндерінің сипаттамасына толығырақ тоқталынады. Маңызды философиялық айырмашылықтарға қарамастан, адам өз оқиғасын баяндау теориясының көптеген сәттері, оның ой - пікірлерінің нәтижесінде тарихтағы адамның өмір сүруінің өткен жолын білуге әсерін түсінуге әкелді. Нарративтің ішкі құрылымын, яғни жасырын түрдегі психологиялық мәселелерді нақтылау үшін кейіпкерлердің қажеттіліктері мен мотивтерін, негізгі қақтығыстар мен қорғаныстарды, негізгі қорқыныштарды анықтау, сондай-ақ сюжетке кіретін немесе субъект елемейтін кейіпкерлерді, заттар мен жағдайларды талдау қажеттілігі айқындалған. Осы уақытқа дейін “нарратив”, “әңгіме”, “тарих” ұғымдарын жиі синоним ретінде қолданылды. Шынында да, әдебиетте бұл ұғымдарды араластыра қолданады, бұл таңқаларлық емес, өйткені олар өте ұқсас құбылыстарды сипаттайды. Алайда, бұл ұғымдар әртүрлі және мақалада бөліп қарастырылған. Нарративтің оны басқа мәтіндерден айырмашылығын көрсететін типтік ерекшеліктерін анықтау үшін нарратив мәтіндерінің сипаттамасы толығырақ көрсетілген. Баяндаудың негізгі категориялары туралы көптеген зерттеушілердің пікірлерін қамтыға
Автор
Майлыбаева Жазира Сырлыбайқызы
DOI
https://doi.org/10.48081/XUMR8850
Ключевые слова
нарратив
нарративті психология
жеке тәжірибе
оқиға
баяндау
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің стресске төзімділік деңгейін зерттеу
Аннотация
Бұл мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің стресске төзімділік деңгейі мәселесі қарастырылады. 2019 жылдың аяғы мен 2021 жылдың басында коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындарының көпшілігі қашықтықтан/онлайн оқыту форматтарына көшті. Нәтижесінде, қашықтықтан оқыту әрекеті студенттердің көпшілігі үшін өте маңызды стресс факторы болып табылады. Коронавирустық пандемия білім беру саласын қысқа мерзімде толығымен қайта форматтауға мәжбүр етті. Көптеген елдер үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын цифрлық қашықтықтан оқыту форматына көшуге дайын болмады және үлкен қиындықтарға тап болды. Пандемия салдарынан білім беру ұйымдары жабылды, бұл бүкіл әлемдегі студенттерге әсер етті, олардың жартыдан көп бөлігі дербес компьютердің мен интернетке шығу мүмкіндігінің болмауымен сипатталды. Пандемия психикалық денсаулығы сау адамдарда «деструктивті психикалық реакциялардың» пайда болуына ықпал етеді, олардың арасында мазасыздық, қорқыныш, фобия, беймазалық және депрессия, сондай – ақ нақты жағдайды бұрмаланған қабылдау орын алады. Пандемия сонымен қатар стрессті жиі сезінетін, қарым-қатынасты сағынған студенттердің өміріне кері әсер тигізді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі зерттеу мақсатын анықтауға негіз болды: пандемияның ЖОО студенттеріндегі стресстің пайда болуына әсерін теориялық тұрғыдан негіздеу және социологиялық зерттеу жүргізу арқылы эксперименталды түрде тексеру. Студенттердің оқу іс-әрекетінде стресске төзімділігі-бұл студенттің оқу іс-әрекеті процесінде сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне қажетті бейімделуімен сипатталатын жеке тұлғаның күрделі қасиеті болып келеді
Автор
Тулкина Р.Ж.
Юсупова Б.С.
DOI
https://doi.org/10.48081/EJBS9899
Ключевые слова
стресс
стресске төзімділік
қашықтықтан оқыту
пандемия
студенттер
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
НОВЫЕ ВЫЗОВЫ В ВЫСШЕМ ОБРАЗОВАНИИ, ВЫЗВАННЫЕ ПАНДЕМИЕЙ
Аннотация
В данной работе на основе анализа материалов ЮНЕСКО, работ зарубежных экспертов исследованы негативные последствия пандемии COVID-19 в системе высшего образования. Показано, что меры, предпринятые государствами для противодействия распространению пандемии, а именно, введение строгого карантина, ограничения в перемещении, перевод обучения в онлайн формат негативно сказались на системах образования в целом, и высшего образования, в частности. Проведенный анализ показывает, что пандемия выявила ряд новых вызовов в образовательной сфере, а именно разрыв в получении социально-экономических навыков при онлайн обучении, появление дополнительного цифрового разрыва, вызванного неравным доступом к технологиям, дефицита педагогов с цифровыми навыков. Вместе с тем, пандемия дала импульс для активизации ряда процессов. Так ускорился процесс трансформации всех образовательных процессов в высших учебных заведениях на основе цифровых технологий (искусственный интеллект, большие данные и т.д.). Изменился формат обучения. Наряду с офлайн обучением получил статус легитимности и онлайн формат. Стало практиковаться гибридное обучение. Появился новый вид интернационализации, которая трансформировалась также в онлайн формат.
Автор
Нурмагамбетов Амантай Абилхаирович
Садыков Еркин Токмухамедович
DOI
https://doi.org/10.48081/KJDV1839
Ключевые слова
пандемия COVID-19
онлайн формат обучения
цифровой разрыв
интернационализация
концепция обучения в течение жизни
микроквалификации
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖОБАЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ
Аннотация
Бұл жұмыста студенттердің жобалық дағдыларын қалыптастыруда жобалар кешенін жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылады. Мақаланың мақсаты болашақ мұғалімдердің жобалау дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде жобалар кешенін пайдалану тиімділігін негіздеу болып табылады. Мақала авторлары ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «жоба», «жобалау» ұғымдарының анықтамаларын нақтылады. «Жобалау дағдылары» ұғымы оның қалыптасуында үш негізгі кезеңнен өткендігі анықталды, оның барысында осы дағдылардың мәні, құрылымы, тізімі мен құрамы, сондай-ақ олардың қалыптасу ерекшеліктері негізделді. Соңғы жылдардағы зерттеулер білім беру үдерісінің әртүрлі педагогикалық мүмкіндіктері тұрғысынан жобалау дағдыларын қалыптастыру процесін қарастыруға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Ғылыми-әдістемелік деңгейде жобалау қызметіне арнайы дайындық қажеттілігі мен оның жеткіліксіздігі арасында сәйкессіздік бар, бұл орта педагогикалық білім беру мекемелерінің оқу жоспарларында арнайы курстардың болмауынан және сәйкесінше нақты білім беру жағдайында жобалар кешенін жүзеге асырумен жүйелі жобалау іс-әрекетінің практикасын ұйымдастырудан көрінеді. Өзара байланысты төрт кезең анықталды және мазмұнды сипатталды: мотивациялық-ынталандырушы, ақпараттық, технологиялық және бақылау-рефлексивті, олар жобалау дағдыларын қалыптастыру моделінде ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша жобалау дағдылары педагогикалық дағдылардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығы және білім мен практикалық іс-әрекеттердің, жобалау операцияларының жиынтығымен ұсынылатындығы анықталды.
Автор
Досполова Гульжанат
Токмырзаева Гульжанат
Ескараева Айгуль
Есенова Роза
DOI
https://doi.org/10.48081/ASNQ5865
Ключевые слова
жобалар
жобалау
қалыптастыру
жобалау дағдылары
студенттер
құралдар
шарттар
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Бүгінгі қоғамда білім беру жүйесі толыққанды өзгеріске ұшырап, білім алушыларды жаңаша ойлауға мақсат тұтқан білім беру кезеңі жүзеге асуда. Осыған орай жаңа білім парадигмасы негізінде білім алушы мен педагог арасында субъектсубъектілі қарым-қатынас орнату арқылы білім алушылардың шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыру міндеті қойылды. Жаңартылған мазмұнда білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау өзекті мәселелердің қатарынан орын алды. Соның ішінде еліміздегі шағын жинақты мектептердің педагогикалық үдерісін ұйымдастыру мәселесі кеңінен, терең зерттеуді қажет ететіндігі айқын. Мақалада шағын жинақты мектептердегі педагогикалық үдерістің компоненттері қарастырылған. Педагогикалық үдерістің ұйымдастырушылық-әрекеттік компоненті оның субъектілерінің өзара әрекеттесуін басқаруды ұйымдастырудың екі деңгейімен сипатталады. Бірінші деңгейде бұл педагогтардың тәрбие жұмысын басқару. Мұны жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының педагогикалық ортасын ұйым деп атауға болады. Бірінші кезекте қажетті материалдық - техникалық жағдайлармен процесті үйлестіретін мемлекеттің ұйымдастырушылық рөлі көрінеді. Екінші деңгейде тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тікелей өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Мұнда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының принциптерін тәрбие мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі ретіндегі ұйымдастырушылық рөлі көрінеді.
Автор
Омірзақова Әсел
DOI
https://doi.org/10.48081/YUJR1935
Ключевые слова
шағын жинақты мектеп
педагогикалық үдерістің компоненттері
оқыту мақсаты
оқыту әдістері
оқушылардың өзіндік жұмысы
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал
МОБИЛЬНЫЕ ПРИЛОЖЕНИЯ И ОНЛАЙН ПЛАТФОРМЫ ПРИ ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА
Аннотация
В данной статье описываются различные мобильные приложения и платформы для обучения английского языка, что является показателем дистанционного обучения. В статье показаны результаты обучения, основанные на сборе данных, полученных при анкетировании. Предоставляется также международный опыт внедрения мобильных приложений и их результаты в различные года, на основе, которых можно делать соответствующие выводы. Внедрение мобильных приложений показывает значительное улучшение академической успеваемости студентов. Значение роли мобильных приложений в образовании постоянно растёт за счёт общедоступности и привлекательности с точки зрения новых технологий, а также возможностей, которые они предоставляют. Работая в оцифрованное время, невозможно не обходиться и не пополнять свои знания и опыт в сфере диджитализированных устройств. Чтобы преуспеть и преподнести урок в игровой, интерактивной, плодотворной манере, преподаватель постоянно должен повышать свои навыки в сфере мобильных приложений и обучающих платформ. Данная статья наиболее актуальна в данное время, в ней обобщен новый материал по использованию и влиянию новейших приложений и платформ на процесс обучения иностранного языка.
Автор
Аязбаева А.М
Алдабердыкызы А.
Герфанова Э.Ф.
Есенова Н.Б.
Оспанова А.Ф.
DOI
https://doi.org/10.48081/JPAV8474
Ключевые слова
мобильные приложения
онлайн платформы
дистанционное обучение
иностранный язык
Год
2022
Номер
Выпуск 2
Посмотреть статью Посмотреть журнал